ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас музыканттардың қорына 170 жүлделі орын
08-02-2021 08:36
Жас музыканттардың қорына 170 жүлделі орын

Музыкалық мектепте оқу ноталық сауаттылықты игерумен қатар, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды, түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысуды қамтамасыз етеді. Мақсаты - пәндік саланы дамыту, орындаушылық шеберлікті арттыру, дарынды балаларды қолдау, жеңіске деген ерік-жігерді және ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеу.

Оқу жылының бірінші жартыжылдығында Павлодар  қаласы балалар музыка мектебінің оқушылары 54 түрлі байқауға қатысты, оның ішінде 45 халықаралық, 9 республикалық. Мектеп қорына 170 жүлделі орынмен толықтырылды, оның ішінде 32 оқушы гран-при, I орын - 77, II орын - 42,    III орын - 19.

«DREAMFEST», «Тhe Song», «JAS DARYN», «Alash өнер оrdasy», «INSPIRATION», «Қазақстан таланттары» халықаралық байқауларының бірнеше мәрте гран-при, I орын иегерлері 7 - 14 жас аралығындағы вокалистер мен аспапшылар Таранченко Дарья, Жасбулатова Нураиым, Рауш Арианна - «Премия нового формата», Муксинова Энджия - итальяндық халықаралық «Тhe Song» байқауының қазылар алқасын өз дарындарымен таң қалдырды.

10 - 15 жастағы вокалистер Таранченко Дарья, Муксинова Инджия, Рауш Арианна дауыстың әдемі тембрін меңгерген, гитара мен фортепианода ойнаумен айналысады. Аспапшылар Тілеуов Батырхан - 12 жаста, Марина Панихина - 7 жаста, өзінің жас болғанына қарамастан, қазылар алқасының жүрегін өздерінің домбыра мен скрипкадағы виртуозды ойынымен жаулап алады.

Мектептің музыкалық ұжымдары: «INSPIRATION» және «Премия нового формата» фестиваль-конкурстарында жоғарғы сынып хоры, «Мелодия души» балалар, жасөспірімдер шығармашылығының II халықаралық онлайн конкурсында төменгі сынып хоры, «Серпін» домбырашылар ансамблі және «Өрлеу» халықаралық «TALANT KZ» конкурсында бас жүлдені иеленді.

- Байқауға қатысу - бұл жарқын және ұмытылмас әсер, біздің оқушылардың одан әрі шығармашылық және кәсіби өсуіне тұрақты ынталандыру, - дейді басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нурлан Бакытович Кайшанов.