Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Секіртпемен секіруден чемпионатқа қатысу
09-02-2021 08:16
Секіртпемен секіруден чемпионатқа қатысу

Павлодар қаласының 21 ЖОМ-нің 6 сынып оқушылары Костенко Кристина мен Виктория кері айналуда секіртпемен секіруден қалалық онлайн чемпионатқа қатысты. Мақсаты - карантин кезеңінде балаларды спортқа және салауатты өмір салтына тарту. Чемпионаттың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі.

Жарыс қорытындысы бойынша Кристина 76 секіру орындап, I орын, Виктория - 70 секіру, II орын алды, олар спорт және дене шынықтыру бөлімінің I, II дәрежелі дипломымен және медалімен марапатталды.

Олар бала кезінен спортпен шұғылданады. Гандбол, баскетбол, джиуджитсу, жүзу, шахмат секцияларына қатысты. Қазіргі уақытта «Ертіс» футбол орталығында әйелдер футболымен айналысады. 2019 жылы футбол командасы республикалық чемпионатта III орын алды.

Қыздар мектепте жақсы оқиды, мектеп іс-шараларына белсенді қатысады, қалалық жарыстарға қатысқаны үшін Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің көптеген марапаттарының, сыйлықтары мен медальдарының иегерлері болып табылады. Олармен мектептің дене шынықтыру мұғалімі, спорттық бағдарлау бойынша спорт шеберіне үміткер Виктор Александрович Родькин айналысады.