Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің кабинет байқау – сайысы
10-03-2011 13:06

Қалалық білім беру бөлімі жоспарына сәйкес 2011 жылдың ақпан айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің кабинет  байқау – сайысы өтті. Мақсат -   ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартын жүзеге асыруда білім беру үрдісінің жағдайы мен оқу кабинетінің ролін жақсарту. Байқауды қаламыздағы № 16, 30, 43, 7 мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні жұмысын білікті  үйлестіруші оқу ісінің меңгерушілері және қалалық білім беру бөлімінің әдіскерінен құралған комиссия құрамы бақылады. Байқау шарты толық  қаралды,баса назар аударғанымыз - әдістемелік- дидактикалық  мазмұн.

Қазақ тілі Елбасының халыққа жолдауындағы басым бағыттардың бірі.Қазақ тілі  мен әдебиет пәні   ұрпақ тәрбиелеудің басты құралы. Білім мен біліктің, тәрбие мен тағылым, әдебиет пен мәдениеттің тізгінін қатар ұстаған пәнге салғырт қарауға болмас.       Бұл байқау бізді  тұтас бір пәннің меңгерілу мазмұнына қанықтырды, мектептерге де тиімділігі аз болмады. Біршама  мектептердің мұғалімдері мен басшылығының мемлекеттік тілге назар аударуы көңіл қуантарлық . Заманауи  талап - технологияландыруды қолға алып,  білім стандартын жеткіншекке тиімді меңгертіп отырғанына көз жеткіздік.   «Әттеген-ай» да жоқ емес! Уақыт көшінен қалып, мезгіл тоқтап тұрған кабинеттерге, оқу- әдістемелік жүйесіне  де, атауы ғана  «қазақ тілі мен әдебиеті» кабинеті боп тұрғанына да  «көзайым» болдық..Қараңғы қуысты  қуатты қазақ тіліне  кабинет еткенді де көз көрді.Мемлекет бөлген қаржыдан қағылып отырғандар да аз емес.   Кей мектептегі көрініске еріксіз мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу - адамшылық ісі екенін ескерткіміз келеді.Байқаудың толық анықтамасы директорлар кеңесінде оқылады. Бірнеше мектептерді  комиссия шешімімен  қайта бақылауға қалдырдық .

         Түйінсөзді тіл жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың айтқанымен  аяқтайық .   

«...Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»