ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы
11-02-2021 15:28
Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

        Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 10 ақпанында К.Мақпалеев атындағы ЖОББМ бірлесіп «өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру: тәжірибе және даму келешегі «пилоттық жобасын енгізу қорытындысы» тақырыбында қалалық конференция өткізді. Мақсаты Өзін-өзі тану сабақтарында басқа пәндермен интеграциялау арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды одан әрі дамыту.

      Конференцияның пленарлық бөлімінде Павлодар облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО филиалының тренері Алем Жакеновна Несипбаева, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Гульзат Ерсайынқызы Айтжанова, «Бөбек» ҰҒПББСО рухани-адамгершілік білім беру орталығының аға оқытушысы Лариса Викторовна Онищенко, қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының орынбасарлары және өзін-өзі тану мұғалімдері, К. Макпалеева атындағы мектеп директоры Жанна Шарапиденовна қатысты.

Онищенко Лариса Викторовна, «Бөбек» ҰҒПББСО рухани-адамгершілік білім беру орталығының аға оқытушысы конференцияға қатысушыларды жобаны үш жыл ішінде іске асыру бойынша К. Макпалеев атындағы мектептің жұмысын талдаумен таныстырды, осы ұйымды «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша базалық мектеп мәртебесін берумен құттықтады. Мектеп директоры Жанна Шарапиденовна Байғазинова пилоттық жобаны іске асыру аясында жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы айтып, оқу-тәрбие процесінде жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияның практикалық бөлімінде барлық қатысушылар «Өзін-өзі тану «Адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектептің жұмысымен танысты. К. Мақпалеев атындағы мектеп мұғалімдері информатика, тарих, өзін-өзі тану, дүниетану бойынша кіріктірілген сабақтар мен көптілділік бойынша «Супер отбасы», «Біздің бақыт үйіміз», «Отбасындағы құндылықтардың маңыздылығы», «Волонтерлік - оқушыларда адамгершілік-рухани құндылықтарды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі» тақырыптарындағы сыныптан тыс іс-шараларды ұсынды. Конференция қатысушыларына өзін-өзі тану - «Махаббат және шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытындысы бойынша бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары, суреттер, бейнероликтер ұсынылды.

Мектептің жұмыс тәжірибесін әріптестері жоғары бағалады. Конференция қорытындысы бойынша мектептің жұмыс тәжірибесін «Педагогикалық тәжірибе - 2021» Педагогикалық шеберлік байқауына ұсыну ұсынылды.