Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 12 ақпанда ZOOM платформасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының кеңесін өткізді.
Кеңесте қаланың балабақшаларында медициналық қызметті ұйымдастыру бойынша жұмыс жағдайы мен балабақшалардағы іс жүргізу жағдайының мониторингі қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина мектепкедейінгі ұйымдар қызметкерлерінің тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық тысақтауына бақылауды күшейту, мониторинг барысында анықталған ескертулерді жою бойынша жоспар ұсыну және құжаттаманың жүргізілуіне қатаң бақылауды жүзеге асыру туралы тапсырма берді. БАҚ-пен, сайттармен жұмыс істеу, атаулы күндерді өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.