ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептерінің 223 оқушысы пән олимпиададасында жүлделі орындарға ие болды
16-02-2021 13:40
Қала мектептерінің 223 оқушысы пән олимпиададасында жүлделі орындарға ие болды

2021 жылы 8 - 12 ақпан аралығында Павлодар қаласының білім бөлімі «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту мен қамту орталығы жалпы білім беру пәндері бойынша 59 қалалық кезеңі онлайн форматында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық - гуманитарлық циклінен 16 жалпы білім беру пәндері бойынша 41 мектептен 611 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін және оларды практика іс-жүзінде қолдануын бағалау, оқу үрдісінде білімдерін тереңдету және пысықтау, өзін ынталандыруды арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 223 жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орынды 51 оқушы, ІІ орынды 67 оқушы, ІІІ орынды 105 оқушы жеңіп алды.

«Ең үздік олимпиадалық қоғамдық-гуманитарлық бағыты» номинациясы бойынша І орынды № 39 мектеп, ІІ орын - № 37 мектеп, ІІІ орын - № 2, 25, 29.

«Ең үздік олимпиадалық жаратылыстану-математикалық бағыты» номинациясы бойынша І орын № 9 гимназия-мектебінің командасы, II орын - № 2, 34, 39, III орын - Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, № 25 мектебі алды.

«Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша 7 сынып оқушылары Жүкей Аружан № 37, Виктор Ерин, Дробышева Полина № 17 ЖОМ оқушылары және № 38 НОМ 6-сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа марапатталады.

Үш жыл қатарынан І орынды №1 ЖОМ 11 сынып оқушысы Закиров Омар, № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ғұмар Ернұр жеңіп алуда. Екінші жыл қатарынан иеленіп қалалық олимпиадада І орын алған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып оқушысы Кенжекөл ЖОМ Алгужинова Альмира, № 39 ЖОМ оқушылары Бочкарева Виктория француз тілі пәнінен 11-сынып оқушысы, Базавод Ангелина 10-сынып оқушысы неміс тілі пәні бойынша және Коваленко Максим география пәні бойынша 10-сынып оқушылары өз білімін растайды.

Ең көп оқушы қатысқан мектептердің қатарына № 2 ЖОМ (31 оқушы), № 39 ЖОМ (29 оқушы), № 25 ЖОМ (28 оқушы) жатады. Ең көп қатысушы болған пәндер - ағылшын тілі (77 оқушы), Қазақстан тарихы (65 оқушы), биология (62 оқушы).

I орын алған оқушылар ЖОМ № 1 (2), 2 (3), 6 (1), 9 (4), 11 (1), 14 (2), 16 (1), 17 (2), 24 (1), 25 (5), 29 (5), 30 (1), 34 (2), 35 (1), 37 (6), 39 (9), 41 (1), 43 (1), Б. Момышұлы атындағы (1), Жетекші ЖОМ (1), Кенжекөл ЖОМ (1).

II орын  алған оқушылар ЖОМ № 1 (3), 2 (7), 5 (1), 6 (3), 7 (1), 9 (5), 11 (3), 13 (2), 16 (2), 17 (2), 19 (2), 20 (2), 25 (5), 26 (1), 27 (1), 29 (3), 31(1) , 32(1) , 33(1) , 34 (5), 35 (3), 37 (4), 39 (2), К.Макпалеев атындағы (1), К.Бекхожин атындағы (1), М. Ауэзов атындағы (1), Кенжекөл ЖОМ (4).

III орын  алған оқушылар ЖОМ № 1 (4), 2 (6), 5 (2), 6 (2), 7 (1), 9 (6), 11 (2), 14 (1), 16 (4), 17 (5), 18 (2), 19 (1), 20 (2), 21 (7), 24(1), 25 (4), 26 (1), 29 (4), 30 (2), 31 (1), 33 (1), 34 (2), 35 (4), 36(1), 37 (5), 39 (6), 41 (4), К.Макпалеев атындағы (3), К.Бекхожин атындағы (3), М.Алимбаев атындағы (1), Б. Момышұлы атындағы (10), М. Ауэзов атындағы (4), 43 (2), Кенжекөл ЖОМ (1).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары 2021 жылы 22 ақпан 3 наурыз аралығында өтетін облыстық олимпиадаға қатысады.