ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
500-ден астам павлодарлық оқушылар қоршаған ортаны сақтау үшін
18-02-2021 10:51
500-ден астам павлодарлық оқушылар қоршаған ортаны сақтау үшін

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2021 жылғы 25 қаңтар - 16 ақпан аралығында «Экобілімдар - 2021» қашықтан қалалық турнирі өткізілді. Мақсаты - оқушыларды табиғи ресурстарды қорғау және сақтау бойынша экологиялық қызметке тарту. Турнирге қалалық жалпы білім беретін мектептердің 1 - 4 сыныптарынан 500-ден астам оқушы қатысты. Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектептер, № 16 мектеп-лицейі,  6, 7, 9, 11, 14, 15, 17, 18, 19, 27, 29, 30. 31, 32, 33, 34, 36, 41, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ және экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері.

Турнирге қатысушылар шығармашылық жұмыстарын суреттерді бейнелеу, қысқа-бейнероликтерді «Туған қаланың табиғатын сақта», «Біз экологияны қолдаймыз: ойлау, зерттеу, әрекет ету!», «Дейін және кейін...» аталымдар бойынша ұсынды.

«Туған қаланың табиғатын сақта» аталымында қатысушылар өз суреттерінде табиғи ресурстар нысандарын бейнеледі. Осы аталым бойынша 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды № 9, 14, 15, 19, 31, 6 (2),16 (2), 18 (2), 27 (2), 29 (3), 34 (1), 41 (3), 36 (2), Б. Момышұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы мектептер (3), Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, орталық тәрбиеленушілері (2). Чапчикова Полина, № 18 ЖОМ 2-сынып оқушысы өзінің «Барлығы біздің қолымызда» суретінде табиғат пен адам қалай тығыз байланысты екенін көрсетті, табиғаттың әрбір элементі - бұл қазына, адамзат үшін байлық, адам қолындағы денсаулықты қорғау.

«Біз экологияны қолдаймыз: ойлау, зерттеу, әрекет ету!» аталымында қатысушылар өз қалаларындағы, кентіндегі, мектебіндегі экологиялық жағдайды зерттеді. № 31 ЖОМ 3 сынып оқушысы Төлеубаева Жазира «Адамның денсаулығына ауа райының байланысы» экологиялық жобасында метеорологиялық жағдайлар, өмір салты денсаулығы нашар адамға және еңкейген жастағы адамдарға қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

«Дейін және кейін...» аталымы бойынша қатысушылар табиғатты қорғау қызметінің бейнематериалдарын ұсынды. Бұл аталымда № 9, 16, 18, 30 мектептердің 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. № 9 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушысы Бейсен Әбілмансұр өзінің «Компостық шұңқыр» бейнеролигінде ата-аналарымен үйдің ауласында компост жәшігін қалай салғанын, компост пісіп жатқан қалдықтарды жинау орнын көрсетті. Өйткені, органикалық қалдықтардың ыдырау өнімі тыңайтқыштың ең жақсы нұсқаларының бірі болып саналады.

- Турнирге қатысу бізде экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті тәрбиелейді, шығармашылық жұмыстарда біз өз көзқарасымызды, өз ойларымызды және табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасымызды жеткіземіз, - дейді турнир жеңімпазы, № 16 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Фадеев Матвей.