kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2319861
Бір айда261762
Бір аптада53039
Кеше4280
Тәулік3854
Жас павлодарлық математиктердің жетістіктері
19-02-2021 18:08
Жас павлодарлық математиктердің жетістіктері

Дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылдың 18 ақпанында 2-4 сынып оқушылары үшін «Бастау» VIII облыстық математикалық турнирі өткізілді. Пандемияға байланысты Турнир қашықтықтан Google платформасында өтті – бір тур формасы – жазбаша жеке. Оқушылар математика пәнінен тест орындады, онда әр сынып үшін 20 сұрақ (орындау уақыты 60 минут) дайындалды.

Облыстық турнирге мамандандырылған мектептерден 115 оқушы және жалпы білім беретін мектептерден 8 оқушы № 1, 2, 6, 23, 25, 35, 37 және Павлодар қаласының қалалық турының 39 жеңімпаздары   қатысты. Тур қорытындысы бойынша қала мектептерінің 7 оқушысы жүлделі орынға ие болды.

І орынды 2 сынып оқушылары арасында № 25 мектеп оқушысы Жұман Арон, ІІ орынды № 6 ЖОМ оқушысы Туртугулов Арслан және № 35 ЖОМ оқушысы Исамбаев Карим иеленді.

І орынды 3 сынып оқушылары арасында № 37 ЖОМ оқушысы Балтабай Аиша мен № 39 ЖОМ оқушысы Власов Роман иеленді.

ІІІ орынды 4 сынып оқушылары арасында № 1 мектептің оқушысы Жәнібекұлы Бердібек және № 23 ЖОМ  оқушысы   Кирилл   Қабанов   иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Турнир жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін республикалық кезеңге өтеді.