kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2376919
Бір айда283287
Бір аптада58821
Кеше9706
Тәулік10472
Жас шеберлердің сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі
23-02-2021 10:38
Жас шеберлердің сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі

2021 жылдың 16 - 19 ақпан аралығында өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық «Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты қашықтықтан  қалалық көрме  өтті. Қаланың № 5, 11, 14, 16, 17, 21, 27, 33, 35, 36, 39, 41, 43 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптың 48 оқушысынан тұратын 12 команда қатысты. Мақсаты - балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамыту, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылықты ұсыну.

Көрмеге  қатысушылармен  6 номинация бойынша 52 қалдықтан, табиғи материалдардан жасалған бұйымдар, креативті тұрмыстық заттар, үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафттың ұлттық түсі бар интерьер дизайн жобасы, мата сынықтарынан жасалған бұйымдар, аймақтың көркем және халықтық қолөнері ұсынылды.Байқау қорытындысы бойынша  I орын - 6, ІІ орын - 5, ІІІ орын  - 10 оқушы алды.

«Қалдық материалдан жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша І орынды № 27 мектептің 7 сынып оқушысы Кольченко Спартак иеленді.  Өз жұмысында ол қол астындағы тұрмыстық материалдардан (аллюминий  сым кесектерінен, кабельдерден, торттың қақпағынан және тұғырынан, қағаздан, қазақтың ұлттық өрнектерінің апликациясынан) күрделі құрылымды киіз үй жасап, қазақтың ұлттық костюміндегі қыздың прототипін жасады.

«Табиғи материалдан жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша № 27 мектептің 5 сынып оқушысы Александр Бабаков «Өз қолымен ағаштан жасалған үй» жұмысы үшін марапатталды. Өз жұмысында ол интерьер элементтері бар үйдің макетін жасады. «Үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафттың ұлттық нақышы бар интерьердің ерекше дизайн - жобасы» номинациясында № 39 мектептің 5 сынып оқушысы Аксеньтев Роман «Болашақ мектебі» жұмысы үшін  иеленді. Оның композициясына аумағы жасыл желекті киіз үй түріндегі мектептің макеті, футбол алаңы, құмсалғыш, тоған кіреді. «Өңірдің көркем және халықтық кәсіпшілігі» номинациясы  бойынша  № 39 мектептің 8 сынып оқушысы Максим Кузнецов «Жебесі бар Колчан» жұмысы үшін иеленді. Максим бастапқыда колчанның қаңқасын жасап, жебелерді дайындады, содан кейін колчанды терімен жауып, оны қазақ ұлттық ою-өрнегімен безендірді. «Тұрмысқа арналған креативті заттар» номинациясы  бойынша   № 39 мектеп оқушысы Попенко Элина иеленді. «Жіп графикасы» техникасын қолдана отырып, ол «Қорап - жүрек» деп аталатын қызғылт жіптерден қорап жасады. «Матаны пайдалана отырып жасалған бұйым (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық)номинациясы  бойынша   № 41 мектептің 7 сынып оқушысы Болдараки Аурика иеленді. «Ұлттық қазақ стиліндегі картина» атты еңбегінде ол киіз, жүн, мата қиындыларын пайдалана отырып, ұлттық костюм мен сәукеледегі қазақ қызының бейнесін салды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды.