ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Педагогикалық үдерісті цифрландыруға жүйелі-әрекеттік тәсіл
23-02-2021 10:53
Педагогикалық үдерісті цифрландыруға жүйелі-әрекеттік тәсіл

Онлайн режимде ZOOM платформасында 2021 жылғы 18 ақпанда «Оқушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру» бойынша нетворкингі өтті. Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің химия, биология, география пәндерінің 70-тен астам педагогі қатысты. Мақсаты - химия, биология, география бойынша қиын тақырыптар жөнінде оқушылардың білім олқылықтарын толтыру.

Семинарда № 41 бейіндік мектептің педагогтары осы тақырып бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Мектеп басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рахметова Гүлжанат Өмірбекқызы «Денсаулық сақтау ортасы жағдайында педагогикалық процесті негізгі технологиялық цифрландыру ретінде жүйелік-әрекеттік тәсіл» тақырыбы бойынша мектептің инновациялық жұмысы туралы бөлісті.

Нетворкингтің практикалық бөлімінде химия мұғалімі, педагог-зерттеуші, қалалық химия мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі Каскирбаева Марина Петровна 9-сыныпта «Тотығу - қалпына келтіру реакциялары» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. 7 - 11 сыныптардағы 1 - 2 тоқсандағы тақырыптар бойынша олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар берді, қатысушылармен дескрипторлармен, бағалау критерийлерімен химиялық есептерді шешті және ресурстарға сілтемелермен бөлісті.

Биология пәнінің тәжірибелі мұғалімі, сарапшы-педагог, қалалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, облыстық бейнесабақтар жобасының қатысушысы Сарсекеева Анар Қайыртасқызы Learning Apps платформасының көмегімен 7-сыныпта қиын тақырыптар бойынша түрлі интерактивті жаттығуларды орындау бойынша атқарылған жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Биология мұғалімі Байбусинова Анар Қайырқызы «ZOOM сервисін онлайн сабақтарда жеке, жұптық және топтық жұмыс үшін пайдалану туралы» сұрақтарына тоқталды. Сессия залдарын қалай құру керектігін, олардың артықшылықтары мен қауіптерін көрсетті және түсіндірді.

География және жаратылыстану пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Паскарь Алена Григорьевна Аctive Inspise интерактивті панелінде QR кодтарын қолдануын көрнекі түрде көрсетті. Қатысушыларға қашықтықтан білім беру кезеңінде білім беру платформалары мен девайстарын пайдалану, шифрланған сараланған тапсырмаларды құру арқылы тапсырмалармен және карталармен жұмыс істеу рөлі көрсетілді.

Мектеп басшысының орынбасары Қалиақперова Жұлдыз Жұмабайқызы «Google Jamboard интерактивті онлайн тақтасы оқушылармен нақты уақытта бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі ретінде» интерактивті онлайн тақтасын пайдаланудың мүмкін тәсілдері туралы айтып берді. Нетворкингтің барлық материалдары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің сайтында орналастырылған.