ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыканттардың шығармашылық кәсіптегі танымал адамдармен кездесуі
24-02-2021 10:45
Жас музыканттардың шығармашылық кәсіптегі танымал адамдармен кездесуі

Мектептің «Табыс формуласы» жобасы шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде «Шығармашылық кәсіптегі адам» тақырыбындағы кездесулер жалғасуда.  Тақырыптық картиналардың, пейзаж, портрет жанрындағы 100-ден астам картиналардың авторы, Павлодарлық суретші Ирина Кузнецовамен кездесуден кейін Қазақстан Республикасы театр қайраткерлерінің Басқару Кеңесінің мүшесі, А. П. Чехов атындағы орыс драма театрының көркем жетекшісі, Қазақстан мәдениетінің құрметті қызметкері, белгілі театр режиссері Виктор Валентинович Аввакумовпен кездесу болды.

Онлайн-кездесуге 50-ден аса оқушылар мен педагогтар қатысты.  Виктор Валентинович театр ортасында белгілі үлкен шығармашылық өмірбаянымен жас музыканттардың сөзсіз қызуғышылығын тудырды, себебі олар бұл кездесу туралы армандаған еді. Олар оның театр басшысы болғанға деейінгі шығармашылық жолы, мектептегі театр ұжымындағы алғашқы қадамдары, Павлодар қаласының музыка училищесіндегі оқуы, Бари Алибасов және Юрий Лозамен бірлескен музыкалық карьерасының бастамасы жайлы білді. Театр жұмыс мен шығармашылық ұжым туралы әңгімелегенде өзінің қаланың театр студиялары үшін Иван Чистяков атындағы фестивальді өткізу бойынша Павлодар музыка мектебі ұжымымен бірлескен жұмысын есіне алды. Қонақ мектептегі жас дарындардың жетістіктері туралы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесу қатысушыларына ол шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнерді бағалауларын тіледі, себебі өз мамандығы бойынша ол да музыкант және қазіргі кезде өнерді жалпы ұмытпау керек.