ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесінің рөлі
26-02-2021 10:36
Оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесінің рөлі

Білім беру бөлімінің жоспары бойынша 24 ақпанда Павлодар қаласының № 9 гимназия-мектебінде «Патриоттық тәрбиенің маңызды басымдығы ретінде білім алушы тұлғасының рухани-адамгершілік негіздерін дамыту» атты әдістемелік семинар өткізілді, оған мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлсина Шайдоллақызы Шиндлярская өз сөзінде қоғам өмірінде терең өзгерістер болып жатқан қазіргі жағдайда өскелең ұрпақпен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі патриоттық тәрбие аясында тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту болып табылатынын атап өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеуғабылова Назгүл Ермекқызы патриоттық тәрбие бойынша мектеп жұмысының жүйесі туралы айтып берді. Семинардың спикерлері дене шынықтыру мұғалімдері А. С. Безруков, Н. С. Мүслім, көркем еңбек мұғалімі Н. Б. Игликова, музыка мұғалімдері А. Е. Кулибанова, А. С. Шевелева, хореограф мұғалімі С. Р. Сыздықова, мұражай жетекшісі Г. З. Байкенова, алғашқы әскери дайындық оқытушысы М.-Р. А. Калымов болды. Педагогтер патриоттық, рухани-адамгершілік, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, тәрбие жұмысы бойынша жобаларды, акцияларды, фестивальдерді, челлендждерді іске асыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді, материалдар жұмыста пайдалану үшін мектептерге жіберілді.