ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пән олимпиадасы бойынша тағы да Павлодар командасы мықтылар қатарында
01-03-2021 09:10
Пән олимпиадасы бойынша тағы да Павлодар командасы мықтылар қатарында

Павлодарда 16 жалпы білім беру пәні бойынша 59 республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. 5 күн бойы онлайн режимінде 730 қатысушы аумақтық жалпы білім беру мектептері мен мамандандырылған мектептер, қалалық, аудандық олимпиада кезеңдерінің жеңімпаздар мен жүлдегерлері жарысты. Павлодар қаласының командасы  21 жалпы білім беру мектебінен 52 оқушыдан құрылған және құрамы бойынша қаланың мамандырылған мектептерінің 2 көптеген командалардың қатарында болды. Олимпиадада көптеген қатысушылар Қазақстан тарихы, география, ағылшын тілін пәндерін таңдады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар командасы тағы да мықтылар қатарында. Павлодар оқушылары бірнеше жыл қатарынан облыстың мықты командасы мәртебесін дәлелдеп келе жатыр. Бұл олимпиадада команда 40 жүлделі орынға ие болды, олардың ішінде 10 оқушы І орын, 7 оқушы - ІІ орые, 23 оқушы - ІІІ орын. Жүлдегерлер облыстық құрама командасына кіріп, республикалық деңгейде облыс намысын қорғайды. Оның қатарында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Вакулина Диана, № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ғұмар Ернұр, неміс тілі пәні бойынша № 16 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Жанат Аружан, № 39 ЖОМ  10 сынып оқушысы Базавод Ангелина, өзін-өзі тану пәні бойынша Б. Момышұлы атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Досмұқамбет Әсем, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Кузят Алина, география пәні бойынша № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Коваленко Максим, құқық негіздері пәні бойынша № 11 ЖОМ 10 сынып оқушысы Борецкий Богдан, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Нұрболат Аружан. 

Олимпиадада мықты нәтижелерімен өз білімдерін № 1, 2, 6, 9, 11, 16, 17, 25, 29, 34, 37, 39, 43, Б. Момышұлы атындағы мектеп, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары дәлелдеді.  Бұлардың қатарында екі 8 сынып оқушысы 9 сынып бойынша қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Неміс тілі пәні бойынша І орынға Мартенс Мила (№ 39 ЖОМ), математика пәні бойынша Джантасова Алтынай III орынға (№ 1 ЖОМ) ие болды. Екінші жыл қатарынан І орынды 4 оқушы иеленіп жүр: география пәні бойынша Коваленко Максим, неміс тілі пәні бойынша  Жанат Аружан, Базавод Ангелина, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ғұмар Ернұр.