ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жүлдегерлері
01-03-2021 09:35
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның  жүлдегерлері

2021 жылғы 26 ақпанда «Тұлға мен қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» атты VIIІ халықаралық ғылыми-практикалық қашықтық конференциясына Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының жалпы білім беретін мекемелерінің 10 - 11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Конференцияға қатысушылар ағылшын, неміс тілдерінде сөз сөйледі. Конференция қатысушыларды ғылыми зерттеулерге тартуға, тәжірибе алмасуға жағдай жасауға, қарым-қатынас ауқымын кеңейтуге арналған.

Конференция жұмысы «Лингвистика», «Елтану», «Шет тілін оқыту әдістемесі» атты үш секция бойынша өтті, онда жоғары оқу орындарының, колледждердің, Павлодар қаласының № 19 мектебінің, АҚШ Стэнфорд университетінің өкілдері модератор болды. «Елтану» секциясында модераторлар құрамында № 19 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Серимбаева Дана Төлеубайқызы сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жекелеген зерттеу жұмыстары номинацияларда белгіленді. «Лингвистика» секциясында Б. Момышұлы атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Биғазы Алуа ағылшын тілі бойынша 4 жүлдегерлер арасынан II орынды иеленді. № 39 мектептің 10 сынып оқушысы Дегтярева Полина 4 жүлдегер арасында ағылшын тілінен III орын алды.