ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушылар қазақстандық өндірісті насихаттайды
02-03-2021 16:01
Павлодарлық оқушылар қазақстандық өндірісті насихаттайды

Өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «KZ жасаған» - «Сделано в KZ» облыстық жобасы іске асырылуда. Жобаның басында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 11 сынып оқушылары мына сұрақтар бойынша сауалнамаға қатысты: Сіз өнімді сатып алу кезінде дайындаушыға назар аударасыз ба? Сіз Қазақстандық (жергілікті) өндіріс өнімдерін қаншалықты жиі сатып аласыз? Сіздің отбасыңызда қазақстандық (жергілікті) өндіріс өнімдерін қаншалықты жиі сатып алады? Сіз достарыңызға қазақстандық (жергілікті) өндіріс өнімдерін сатып алуды ұсынасыз ба? Сіздің ойыңызша, қазақстандық (жергілікті) өндіріс өнімдерін сатып алу маңызды ма?

Сауалнамаға 20095 оқушы қатысты, респонденттердің 90%-ы Қазақстанда жасалған өнімді жақсы деп санайды, 25%-ы енді өз достарына жергілікті өндірілген өнімді ұсынамыз деп жауап берді. Оқушылар кәсіпорынның, зауыттардың, жеке өндірушінің қуатын насихаттайтын жоба бұл балаларға көптеген тұтыну тауарлары өндірілетін мемлекетте өмір сүретіндерін анық көрсетеді. Қатысушыларға онлайн әңгімелесу барысында сынып жетекшілері өндірушілер, азық-түлік өнімдері, дайындау мерзімі, сапасы туралы сұрақтарға жауап беріп, отандық өндірушілердің өнімдерімен, зауыттарымен және басқа да кәсіпорындарымен танысты.

Сауалнамадан кейін оқушылар «KZ жасалған» - «Сделано в KZ» жаппай челленджіне қатысты. Оқушылар қазақстандық және жергілікті өндірушілердің азық-түлік және азық-түлік емес өнімдері мен тауарлары туралы қызықты фото және бейнероликтер дайындады. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге белсенді қатысты, балалар өз роликтерінде Қазақстанда жасалған сүт, ет, өнеркәсіп тауарларын көрсетті. Алдағы уақытта Қазақстанның даңқын асырған осындай қызықты, танымдық акцияларға қатысуға ниет білдірді.