Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан білім беру жағдайындағы оқытудың өзекті технологиялары
03-03-2021 13:47
Қашықтықтан білім беру жағдайындағы оқытудың өзекті технологиялары

Оқыту нәтижелерін бағалау мәселелері бойынша жұмыста практикалық көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 2 наурызда «Оқу үдерісін ұйымдастырудың өзекті тәсілдері, технологиялары, қашықтықтан оқыту жағдайында оқыту нәтижелерін бағалау» қалалық онлайн семинар өткізілді. Семинарға 40-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинарда № 17 саралап оқыту бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу, әдіс-тәсілдердің, платформалардың, тәсілдердің көрнекі көрсетілімі, жұмыста жаңашылдықты қолдану түсіндірілді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайрғазина Шолпан Шаханқызы өз сөзінде білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баринова Ольга Николаевна жүйелі жұмыста сабақтастықты сақтау шартымен оқытудың барлық сатыларында қайта құруды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті. Бастауыш мектептің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Валентина Николаевна Ежова қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқытатын педагогтардың жұмыс жүйесін ұсынды. Щербинина Александра Васильевна Plickers платформасы арқылы білімді қайталау және бекіту бойынша тапсырмалар жүйесін, бақылау және кері байланыс алу үшін өзінің стратегиясын ұсынды.

«Google формалары: педагогтарға арналған мүмкіндіктер» мәселесі толығымен қарастырылды. Пелих Ирина Юрьевна, Мельникова Ирина Витальевна, Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна бұл платформаны сабақта штаттық режимде және қашықтықтан оқыту жағдайында қалай пайдаланатындарын, мұғалім үшін несімен ыңғайлы, қазіргі жағдайда онлайн нысандар мен білім алушылардың сауалнамаларын жасау үшін қолайлы екендігін айтып берді.

Жазкей Сайрагүл, Шакенова Лариса Еламанқызы осы платформаның артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы білімді сабақта толықтыру үшін онлайн мектеп платформасын пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті. Сервистің дайын онлайн сабақтарын пайдалану көрнекі түрде көрсетілді. Мұғалімнің өз пәні үшін таңдалған және сынақтан өткен платформалардың, әдістемелердің, техникалардың базасын құруы кәсіби шеберлікті жетілдіруге ықпал етеді, білім алушының білім беру қызметіне жеке көзқарасты жүзеге асыруға көмектеседі. Овчарова Лиана Сергеевна, мектеп психологы мұғалімдерге білімді түзету және толықтыру бойынша ұсыныстар берді. Семинар материалдары мен оқу құралдары қала мектептеріне жолданды.