Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептерінің директорлар кеңесі
05-03-2021 09:48
Қала мектептерінің директорлар кеңесі

2021 жылдың 4 наурызында ZOOM платформасы арқылы қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының жоспарлы кеңесі өтті. Кеңесте қаладағы білім беру ұйымдарындағы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту сапасы туралы, «Мектептерде балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру, инклюзивті білім берумен қамтылған балаларды оқыту үшін жағдай жасау және инклюзия кабинеттері жұмысының тиімділігі туралы», «Күнделік» жүйесінде электрондық журналдарды жүргізу сапасы», ҰБДҚ толтыру және «Онлайн мектеп» пайдалану туралы мәселелер қаралды.

«Облыстық пәндік олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсының қорытындылары туралы» есеп тыңдалды. 2021 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша қала мектептерінде жалпы оқыту бойынша айлықтың қорытындылары, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жағдайы туралы мәліметтер ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтказина бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Жалпы оқыту бойынша көрсетілген ескертулерді жоюға, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды оқумен толық қамтуға, оқушыларды тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыруға, жалпы оқыту қорынан қаражатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. ҰБДҚ-дағы, электрондық журналдағы деректерді дұрыс толтыру, онлайн мектеп платформасын пайдалану мәселелерін бақылауға алу туралы ұсынымдар берілді. Инклюзивті білім беру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың жетістіктерін жоспарлау, бағалау бойынша оқыту мәселелеріне назар аударды.