2021 жылғы 26 ақпанмен 3 наурыз аралығында Петропавл қаласында Қазақстан оқушыларының Х қысқы гимназиясы аясында биатлоннан жарыс өтті. Павлодар командасының құрамында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары да қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жалпыкомандалық есепте Павлодар облысы 127 ұпай жинап, III орынға ие болды. Команда құрамына Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Мидони Екатерина, М. Әуезов атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Дымовских Милана, № 17 мектептің 7 сынып оқушылары Дьяченко Милана, Емельянова Виктория кірді.
- Өз аймағын қорғауға келген барлық жас биотлоншылар нағыз таланттар. Күн сайын жарыс алаңына ең мықтылар шықты, олар суыққа қарамастан, өз аймағының намысы үшін күресті, - деп атап өтті команда қатысушылары.
Әйелдер мен ерлер эстафетасында павлодарлық биотлоншылар жарыстың жүлдегерлері атанды. Қыздар арасында Милана Дымовских, Екатерина Мидони, Виктория Емельянова қола медаль жеңіп алды, ұлдар арасында № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Куц Руслан, М. Әуезов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Эльдар Брюшков, Павлодар қаласының № 11 ЖОМ 8 сынып оқушысы Степан Кузнецов күміс медальға ие болды.