Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркемсурет мектебінің жұмыс тәжірбиесі облыстық семинарда жинақталды
09-03-2021 15:23
Көркемсурет мектебінің жұмыс тәжірбиесі облыстық семинарда жинақталды

2021 жылғы 5 наурызда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі «Қосымша білім беру ұстаздарының кәсіби құзыреттілігін арттыру құралы ретінде, педагогикалық тәжірбиені тарату» онлайн-семинарын өткізді. 70-тен астам облысымыздың қосымша білім беру ұстаздары көркемсурет мектебінің педагогикалық ұжымының жұмыс тәжірибесімен танысты.

Семинарға қатысушылармен көркемсурет мектебі басшысының орынбасарлары оқу-тәрбие жұмысы бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Инна Владиславовна Масленникова оқу қызметі сұрақтары бойынша, мектептің жетістіктері туралы, Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина - «Көркемсурет мектебінің тәрбие жұмысы» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Кескіндемеде, сәндік-қолданбалы өнерде бірқатар технологияларды ашу және пайдалану мақсатында мектептің тәжірибелі ұстаздары шеберлік сыныптарын өткізді. Шамиль Ракымбекович Шушаев «Дәстүрлі емес кескіндеме» шеберлік сабағында кез-келген композицияға өңделмеген акварель бояуларымен фон жасауды көрсетті. Светлана Евгеньевна Рейн «Дәстүрлі емес материалдардан жасалған көлемді пластик» шеберлік сабағында «Көлемді пластик» техникасында жануарлардың стильдендірілген бейнелерін дайындаудағы жұмысымен бөлісті. Алтын Ибраева Кисамиденова 35 жылдық педагогикалық еңбек өтілімен «Бейнелеу шығармашылығындағы инновациялық тәсілдер мен амалдар» шеберлік сабағын өткізді, ал Дамир Серікұлы Смыков киіз басу технологиясының  қыр-сырымен бөлісті.

Павлодар көркемсурет мектебі 1979 жылы құрылды. Бүгінгі таңда мектебімізге қажетті оқу-материалдық база бар, Павлодарда бір құрылымдық бөлімшесі бар. Мектепте 4 - 18 жас аралығындағы 1000-нан астам талантты бала оқиды, жыл сайынғы шығарылым 100-ден астам бала құрайды.