Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыканттардың облыстық фестиваль-конкурсы
11-03-2021 11:22
Жас музыканттардың облыстық фестиваль-конкурсы

2021 жылғы 1 - 6 наурыз аралығында Павлодар, Екібастұз қалалары, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл аудандары балалар музыка және өнер мектептерінің 8 - 17 жас аралығындағы 100-ден аса оқушылары ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптар кластары бойынша 54-ші облыстық қашықтық жас музыканттар фестиваль-конкурсына  қатысты. Мақсаты - дарынды балаларды дамыту және қолдау, олардың кәсіби бағдарын, шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Конкурс талаптары бойынша әділ қазылар талаптарға сәйкес музыкалық туындыларды кәсіби орындау, көркем орындау деңгейін, техникалық шеберлігін, бейнелілігі мен тазалығын, эмоциялығы мен мәнерлілігін ескерді.

Кезекті фестиваль-конкурс нәтижелері бойынша облыстық конкурсқа қатысушылар 34 жүлделі орынды, оның ішінде Павлодар қ. музыка мектебінің оқушылары 19 орынды иеленді. Облыс бойынша 25 жеке орындаушы жүлдегер атанды, оның ішінде Павлодар мектебінің оқушылары 11 орынға ие болды (жоғарғы топта 14 орыннан 6 орын, орта 9-дан 5) 9  ансамбль ұжымынан 8.

Конкурстың ең жоғарғы марапатын - бас жүлдені саксафоншылар ансамблі «Sax music» алды. Ансамбль құрамы Колодина Эвелина, 14 жас, Ахметов Жандос, 15 жас, Маратов Айтуар, 14 жас, Якубова Адия, 14 жас, Егоров Иван, 16 жас, Салыков Алихан, 13 жас, Байжуманова Дария 13 жас.

- Ансамбль осындай айтулы конкурста өзінің кәсібилігін көрсетіп, бас жүлде алғанына қуаныштымыз. Ұжым 5 жыл еңбек етуде, қазір республикалық фестиваль-конкурсқа дайындық жүріп жатыр және жас саксофоншылар тек жүлделі орын алуға ниетті, - дейді ансамбль жетекшісі, мектеп педагогы Оксана Олеговна Минаева.

Жеке орындаушылар арасында үлкен жастағы топта (13 - 18 жас) 1-орынды виолончелші Франц  Гизбрехт, скрипкашы Алиса  Костенко, кларнетист Артём  Борисов алды. Олардың орындауында ірі формадағы туындылар шырқалды Г. Эккльс «Соната», Г. Генделя «Сонатина», Джованни Виотти «Концерт № 22», С. Цинцадзе «Концертино», Ф. Крейслер «Сицилиана и Ригодон», пьесалар - К. Кужамьярова «Анданте», Д. Гоэнс «Скерцо», А. Дворжека «Мелодия», Ф. Бенда «Каприс», К. Кумисбекова «Вальс», П.Чайковский «Песня без слов», А. Жубанов «Жез киік», Ф. Шуберт «Пчёлка», Ф. А. Моцарт «Рондо», В. Солонский «Тарантелла».

Орта жастағы топта (10 - 13жас) 1-орынды Рахат  Курбан иеленді, оның орындауында Л. Бетховеннің «Сонатина», Л. Хамидидің «Романс», Д. Обердің «Престо» пьесалары шықалды.

Жеңімпаздардың педагогтары Трофименко Татьяна Борисовна, Гонтовой Олег Леонтьевич, Минаева Оксана Олеговна, Иванкова Галина Алексеевна, концертмейстеры Семикин Валерий Александрович, Костенко Лариса Валерьевна, Масленников Дмитрий Станиславович. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және сыйлықтармен, ал жетекшілері облыстық білім беру басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.