Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ELBASY TABYSTYN JETI BAGYTY» медалінің иегерлері
16-03-2021 11:34
«ELBASY TABYSTYN JETI BAGYTY» медалінің иегерлері

Нұрсұлтан Назарбаев қоры талантты жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған «El Úmiti», бастамасы шеңберінде бірнеше білім беру жобаларын іске асырады: «El Maqtanyshy» сыйлығы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. 2020 жылдың шілдесінде қор 14 - 29 жас аралығындағы жастар мен өршіл қазақстандықтарға арналған «Елбасы медалі» атты ауқымды челленджді іске қосты. «Елбасы медальдары» жобасына № 2, 5, 7, 11, 12, 17, 20, 23, 25, 27, 28, 29, 30, 32,34, 35, 37, 40, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші жалпы білім беретін мектептерінің 70-тен астам оқушысы қатысты

Жобаға қатысушылар өз дағдыларын жеті бағыт бойынша дамытты: спортта, таланттарды дамытуда, кітап оқуда, ұлттық мұрада, волонтерлікте, туристік жорықтарда және еңбек практикасында. Кезеңдерден өту алты айға созылды, әр кезеңнен кейін қатысушылар баға жетпес тәжірибе жинады, мақсаттылық танытты, өз іс-әрекеттерін жоспарлауды үйренді. Жобаға қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері болды, оны жоба ұйымдастырушылары тағайындады. Жоба барысында қолдау көрсеткен идеялық шабыттандырушы және тәлімгер сынып жетекшілері, мектеп педагогтары болды.

Бағдарламаның қола деңгейін өту қорытындысы бойынша облыстың 55 қатысушысы жүлдегер атанды. Облыс әкімі ең белсенді 3 қатысушыға: Павлодар қаласының № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Рудько Эвелинаға, № 24 ЖОМ 10 сынып оқушыларына Дәулет Арнұрға, Ысқақов Алланурға, алғашқы қола медальдарын табыс етті.

Бүгінгі таңда 9 оқушы «ELBASY TABYSTYN JETI BAGYTY» медалін алды, оның ішінде Б. Момышұлы атындағы мектептің 9 сынып оқушылары Өкташ Дәрия, Хамитова Әмина, Қ. Бекғожин атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Камиева Сабина, № 20 лицей-мектептің 11 сынып оқушылары Амангелді Аяжан, Алтаева Томирис, Уразалимова Сана, Каленова Дильназ, № 28 ЖОМ 11 сынып оқушысы Марченко Татьяна,  № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Семидко Лиза.

Жоба барысында қолдау көрсеткен тәлімгер Раушан Кеңесбайқызы Бейсенова, сынып жетекші, Б.Момышұлы атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: «Біздің сыныпқа жобаға қатысу ұсынылған кезде мен қатты қуандым, өйткені балаларды байқаулар мен олимпиадаларға қатысуға әрдайым ынталандырамын. Менің ойымша, мектеп жасынан бастап оқушыларға салауатты амбициялар мен «табысты болу» әдетін тәрбиелеу керек. Әр қыздың өз тәлімгері болды. Мен сынып жетекшісі ретінде оларды қолдап, туындаған мәселелерді шешуге көмектестім. Бастапқы кезеңде жобаға бес қатысушы болды, бірақ, өкінішке орай, кейбір қыздар байқаудан шығып кетті, өйткені тапсырмаларды орындау көп уақыт пен күш-жігерді қажет етті. Әмина мен Дария, бәріне қарамастан, барлық кезеңдерден сенімді өтіп, лайықты медальға ие болды. Жобаға қатысу қыздарға сенімділік сезімін және шығармашылық бағытта дамуға түрткі болды» дейді.

Дария мен Әмина мектепте жақсы оқиды, олар қалалық, пәндік олимпиадалардың, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері. Дария жаратылыстану-математикалық пәндерді жақсы көреді. Ол биология пәнінен қалалық жасөспірімдер олимпиадасының (2018, 2019, 2021 жылдар) бірнеше дүркін жүлдегері. Мәскеу қаласында халықаралық Пушкин диктантында II орын алды (2020 жыл).

- Жоба маған көп нәрсені үйретті. Жоба нұсқауларын орындай отырып, мен қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен және дәстүрлерімен таныстым, оқуға деген қызығушылығымды арттырдым, шахмат дағдыларын жақсарттым және спортты өз әдеттеріме айналдырдым, дарынды жастармен таныстым, - дейді Дария.

- «Елбасы медалі» жобасы маған қатты ұнады, ол менің бойымда түрлі шығармашылық қабілеттерді дамытты, жеті қызықты бағыт болды. Жобаның арқасында мен мақсаттарды дұрыс қоюды, оларға қол жеткізуді және ешқашан берілмеуді үйрендім. Ұзақ уақыт бойы мені бұл байқау ынталандырды және шығармашылық идеяларды қолдана отырып, тапсырмаларды орындадым. Ерекше қиындықтар туындаған жоқ, себебі мені ата-анам, жобадан келген тәлімгерім және сынып жетекшім қолдады және шабыттандырды, сол үшін мен оларға өте ризамын, - дейді Әмина.