ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«2011 оқу жылы қалалық жалпы орта білім беру мектептеріндегі мемлекеттік аралық бақылау қорытындылары туралы»
18-03-2011 08:56

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы                                  10 қаңтардағы «2011 жылы Қазақстан Республикасынжағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылау өткізу туралы» № 5 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылы Павлодар облысы мектептеріндегі МАБ 2011 жылғы 11 наурызда төменде көрсетілген пәндер бойынша өткізілді:

- бастауыш буында (4 сынып) –математика

- негізгі буында (9 сынып) – шет тілдері, математика, орыс тілінде оқытылатын мектептер мен сыныптарда қазақ тілінен, қазақ тілінде оқытылатын мектептер мен сыныптарда орыс тілінен.

ҚР БҒМ-нің білім берудің мемлекеттік стандартарының ұлттық орталығы әзірлеген технологиясы бойынша МАБ өткізілді. 

Мемлекеттік аралық бақылау өткізу ережелеріне сәйкес :

- егер оқушылар тест тапсырмаларындағы дұрыс жауаптардың 30%ұпайлық өту деңгейіне қол жеткізсе, МАБ тапсыру нәтижелері бойынша «игерді» деген белгімен белгіленеді; 

- егер оқушылар МАБ нәтижелері бойынша 7% ұпайлық өту деңгейінен  өте алмаса, ондай жағдайда білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестациядан қайта өткізіледі.

Қазақстан Республикасы министрлігінің мемлекеттік аралық бақылауынан өткізілетін мектептер тізіміне қаладағы 43 мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдары енгізілді. 

МАБ-қа барлығы 6124 (2010 ж.- 6205) оқушы қатысты, сонымен қатар                     2911  (2010 ж.- 2754) 4-ші сынып оқушылары(679 қазақ тілінде оқытылады),                              3213 ( 2010 ж.- 3451) 9-шы сынып мұғалімдері (976 қазақ тілінде оқытылады).

4-шісыныптардағы МАБ нәтижелері.

Мемлекеттік аралық бақылау нәтижелері бойынша қала мектептенідегі 4 сынып оқушыларының білім көрсеткіштері 18,60 ұпай, бұл көрсеткіш тест тапсырмаларын                         93 %тапсырылғандығын көрсетеді.   

Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушылары жақсы нәтиже көрсете алды.                     1213 оқушы (41,7 %) тес тапсырмаларын 100%орындап, жоғары 20 ұпайға қол жеткізді                  

9-шысыныптардағы МАБ нәтижелері.

Мемлекеттік аралық бақылау нәтижелері бойынша қала мектептенідегі 9 сынып оқушыларының білім көрсеткіштері 69,84 (2010 ж. – 64,58), бұл көрсеткіш тест тапсырмаларын  77,6 % (2010 ж. – 71,8 %)  тапсырылғандығын көрсетеді

Математике  бойынша орташа көрсеткіш 22 ұпай(30-дан), % орындалуы – 75,33%. Тіл бойынша  қала ішіндегі орташа көрсеткіш – 25,1 ұ., 83,7 % тест тапсырмалары орындалды (2010 ж. - 24, % орындалуы– 80%). Шет тілдері бойынша: қала ішіндегі көрсеткіш 22,6 (2010 ж.– 21,23 (70,8%)) (30-дан); % орындалуы – 75,33% .

Нәтижелерді қорытындылай келе мемлекеттік аралық бақылау 4-ші сыныптардағы математика бойынша, 9- шы сыныптардағы математика, шет тілдері,                   қазақ және орыс тілдері бойынша  мемлекеттік стандарттар деңгейіне сәйкес болғандығын көрсетті.