Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар үй кітапханасы туралы 1500 бейнеролик ұсынды
18-03-2021 08:08
Павлодарлық оқушылар үй кітапханасы туралы 1500 бейнеролик ұсынды

«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Менің үй кітапханам» қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты - мәдени және оқырмандық құзыреттілікті дамыту, кітап пен оқуды отбасының рухани өмірінің, отбасылық бос уақыттың маңызды факторлары ретінде насихаттау.

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 1 - 11 сынып оқушылары конкурсқа өздерінің үй кітапханасы туралы 1500 бейнеролик ұсынды. Конкурс шарты бойынша бейнероликтерде бір кітаптың қысқаша шолуы көрсетілді, мәнерлеп жатқа оқу немесе сүйікті шығармаларынан үзінді айтылды. Байқауға Қ. Макпалеев, Б. Момышұлы атындағы, № 9, 11, 17, 25, 28, 36, 39, 41, Кенжекөл ЖОМ мектептердің оқушылары белсене қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 22 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанса, 130 қатысушы номинация иегері болып танылды.

Байқаудың бас жүлдесін № 25 мектептің 11 сынып оқушысы Айтуарова Жасмин иеленді. Ол бала кезінен атасы мен әжесі жинаған үй кітапханасының арқасында оқуға дағдыланғанын өзінің бейнеолигінде айтады. Әр адамның өміріндегі кітаптардың ұлылығы мен маңыздылығы туралы айта отырып, ол белгілі қазақ ақыны Ә.Кекілбаевтың «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен -кітапхана» деген сөздерін келтірді.

Б. Момышұлы атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Таттыбаева Томирис, № 9 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Косарева Варвара, М. Әлімбаев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Раушан Арианда, № 25 мектептің 2 сынып оқушысы Қайрат Гүлімжан байқаудың жеңімпаздары болып танылды. Варвараның отбасылық кітапханасында әртүрлі тақырыптар бойынша 3 мыңнан астам кітап жиналды. Ол көркем әдебиетті қызығушылықпен оқиды, әсіресе тарихи кітаптарды жақсы көреді. Ол көп саяхаттайды және міндетті түрде сол қаланың немесе елдің кітапханасына барады. М. Әлімбаев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Рауш Арианда отбасы ортасындағы кештерді «Кітап монополиясы» ойын-викторинасымен қалай өткізетіндігімен бөлісті, бұл ойын кітап оқуға көмектеседі.

II орынды қала мектептерінің 6 оқушысы алды: № 11 Ковалев Радомир, 3 сынып, № 17-Граблева Аделина, 8 сынып, № 35 - Шарманова Ақпейіл, 4 сынып, Солтанбай Таңнур, 3 сынып, № 39 - Колесников Евгений, 3 сынып, Б.Момышұлы атындағы - Беқболат Нұрәли, 1 сынып.

III орынды қала мектептерінің 11 оқушысы алды: № 2 Азимбай Альтаир, 2 сынып, № 11 - Жуманиязов Ансат, 2 сынып, № 21 - Ахметзянов Тимур, 4 сынып, № 24 - Искаков Алланұр, 10 сынып, № 25 - Қанат Тұмар, 2 сынып, № 34 - Тлектесов Аслан, 8 сынып, № 36 - Бехтольд Анна, 2 сынып, № 37 - Абдіиков Жандос, 5 сынып, № 39 - Ақылбек Зарина, 2 сынып, Б.Момышұлы атындағы - Толегенова Жансая, 2 сынып.

16 номинация бойынша қала мектептерінің 130 оқушысы анықталды: «Атадан қалған мұра» - 12 оқушы, «Абайды оқып, білемін» - 5 оқушы, «Бүкіл отбасымен оқимыз» - 3 оқушы, «Отбасылық жәдігер» - 11 оқушы, «Менің кітапханам - менің мақтанышым» - 13 оқушы, «Қазақ әдебиетінің білгірі» - 6 оқушы, «Ең креативті сюжет» - 15 оқушы, «Үзіндіні мәнерлеп оқу» - 3 оқушы, «Өзім оқимын, достарымды тартамын» - 20 оқушы, «Ең әртісшіл оқырман» - 5 оқушы, «Ең ертегі бейнеролик» - 12 оқушы, «Ең музыкалық ролик» - 7 оқушы, «Ең білімқұмар оқырман» - 13 оқушы, «Жас коллекционер» - 3 оқушы, «Батырлар жырының өнегесі» - 1 оқушы, «Сүйімді оқырман» - 1 оқушы.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар Павлодар қаласы білім бөлімінің грамоталарымен және сыйлықтармен, номинанттар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Байқауға белсенді қатысқан мектептерге алғыс хаттар табыс етіледі.