Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Наурыз мейрамы туралы павлодарлық оқушылардың эссесі
20-03-2021 14:22
Наурыз  мейрамы  туралы павлодарлық оқушылардың эссесі

Павлодар қаласы   білім беру бөлімінің Наурыз мейрамын 10 күндік мерекелеу жоспары шеңберінде «Павлодар дарыны» бос  уақытты  қамту  және   балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 19 наурызда  қалалық «Ата-баба өсиеттері» эссе байқауы  өткізілді. Байқауға  қаланың 36 жалпы  білім  беру  мектептерінің  5 - 7 сыныптың 114 оқушысы қатысты. Байқау онлайн режимінде  Gogle-disk  платформасында  өткізілді. Мақсаты - дарынды   және   таланты  оқушыларды қолдау, шығармашылық жазба  жұмысында  туған  өлкеге  өз  көзқарасын  білдіре  білу, қазақ халқының  салт-дәстүрлерін  білу  және   құрметтеу.

Қатысушыларға «Наурыз мерекесінің маңызы» - «Наурыз мерекесінің мәні» тақырыбына эссе жазу тапсырмасы берілді. Онлайн байқау қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 6, ІІ орын - 12, ІІІ орын - 25.

I орынды «Наурыз мерекесінің мәні» эссесі үшін 6 сынып оқушылары Порожня Анна (№ 6 ЖОМ), Тоқтасова Аяулым (М. Әуезов атындағы мектеп), 7 сынып оқушылары Амангелді Назерке (№ 17 ЖОМ), Исаханова Айым (№ 19 ЖОМ), Солтанмұрат Аяулым (№ 38 ЖОМ), Рахимжанова Ақнұр (№ 41 ЖОМ) иеленді. Айым өз эссесінде мерекенің халқымыздың бірлігі мен келісімі ретіндегі маңызын, сауатты мазмұндамасын көрсетті. Ел жылдан жылға экономиканы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда.

- Наурыз мейрамын өткізуге байланысты жаңа тұжырымдама әзірленді, оның негізінде рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту үшін қоғамды тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарлануда. Көктемгі мерекені өткізу үнемі  салт-дәстүр мен халықтар достығын, ұлттық тағамдардың көптігін, киімнің жарықтығын, түрлі ұлттық жарыстарға қатысумен өтеді, - деп жазады Анна Порожня өз эссесінде.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының   сертификаттарымен  марапатталды.