Павлодар қаласының № 7 орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Сайлаубай Эльнара спорттық акробатика бойынша қалалық турнирде І орын алды. Жарысты ұйымдастырушы Павлодар қаласы № 1 олимпиадалық резервтің спорттық балалар мен ересектер мектебі болып табылады. Жарысқа Павлодар қаласының 6 - 12 жас аралығындағы балалары қатысты.
Жарыстың шарттары бойынша қатысушылар акробатикалық жаттығулар орындады. Эльнара өзінің тобымен өте жақсы жаттығуларды көрсете алды. Бұл жаттығулардан ауызбірлік және жарысқа деген жақсы дайындық сезілді. Эльнара спорттық акробатикамен 7 жасынан бастап айналыса бастады. Тренері Гулевская Марина Сергеевна, спорттық акробатика бойынша спорт шебері. Бұл Эльнараның бірінші жеңісі.
Эльнара мектепте үздік оқиды, тез тіл тапқыш, мектеп іс-шараларына және мектептен тыс конкурстарға белсенді қатысады. Спортпен айналысуды жақсы көреді, сурет салады, анасына көмектеседі, тамақ пісіруді ұнатады.