ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқаудың қорытындысы
02-04-2021 16:33
«Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқаудың қорытындысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бастамасымен өткен «Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауының қорытындысы 2021 жылдың 31 наурызында шығарылды. Байқауға келесі басым бағыттар бойынша барлығы 339 жұмыс ұсынылды: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Орта білім беру», «Техникалық және кәсіптік білім беру», «Инклюзивті білім беру». Оның ішінде, күндізгі кезеңге 168 конкурстық жұмыс жіберілді: 140 авторлық әзірлеме, 20 инновациялық жоба, білім беру ұйымдарын дамытудың 8 бағдарламасы. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының шығармашылық әлеуетін дамытуға және үздік инновациялық тәжірибесін таратуға жәрдемдесу болды.

Облыс педагогтары байқауға өздерінің шығармашылық жұмыстарын, әдістемелік әзірлемелерін, үйірмелер мен элективті курстардың бағдарламаларын, білім беру ұйымдарының даму жобалары мен бағдарламаларында іске асырылған қызықты идеяларын ұсынды. Сараптамалық кеңес байқау материалдарын бағалау кезінде байқаудың ережесінде көрсетілген критерийлерді басшылыққа алды: практикалық құндылығы, өзектілігі, жұмыстың логикалық аяқталуы. Жалпы, байқауға қатысу үшін келіп түскен материалдардың мазмұны конкурстың бағыттары мен мәлімделген номинацияларға сәйкес келді.

Сараптамалық кеңес қызметінің қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен 86 жұмыс белгіленді, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 50 педагогі және мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу тәрбиешілері. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыттары бойынша облыста 10 орынның 6-ы, «Бастауыш білім беру» бойынша 18 орынның 10-ы, «Орта білім беру» бойынша 39 орынның 26-ы, «Инклюзивті білім беру» бойынша 11 орынның 8-і орын алды.

І дәрежелі дипломмен Кабдул Сания Бекмырзақызы (№ 6 мектепке дейінгі гимназия), Абильдинова Айнұр Еркінқызы (№ 43 ЖОМ), Сидоренко Инна Игоревна (Жетекші ЖОМ), Морозова Ольга Николаевна (Кенжекөл ЖОМ), Нұржанова Бағлан Назымқызы, Ибраим Махаббат Қасенқызы (№ 17 ЖОМ), Темирова Жанна Қайыргелдіқызы, Сарбасова Зауре Елубайқызы (Палодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы) марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен № 5, 9, 16, 21, 24 (2), 27, 37 (2), 39 (2), 40 (2), 41, 43 мектептердің педагогтары, № 6, 96, 82 балабақшаның тәрбиешілері марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 (3), 5, 6, 17 (3), 18, 19, 21, 24 (2), 25 (3), 26, 34, 36, 37 (2), 40 (2), 43, М. Әуезов атындағы орта мектеп (2), Жетекші мектептерінің педагогтары, № 3, 16 , 42 балабақшаның тәрбиешілері марапатталды.

Сертификаттар 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін байқау қатысушыларының поштасына электронды форматта жіберіледі. Дипломдардың түпнұсқаларын (1, 2, 3 орын) 2021 жылғы 9 сәуірде біліктілікті арттыру институтынан алуға болады.