Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас өлкетанушылардың турниры
05-04-2021 09:36
Жас өлкетанушылардың турниры

Ата-бабаларының рөлін және ұрпақтар тізбегіндегі өз орнын түсінетін азамат-патриоттың қалыптасуына бағытталған құндылықтар мен идеяларды қалыптастыру мақсатында «Туған Ертіс өңірім» қалалық жобасын іске асыру шеңберінде балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2021 жылғы 26 - 31 наурыз аралығында туған өлкенің жас білгірлерінің «Өз жеріңді таны» қалалық қашықтық турнирі өтті.

Турнир 3 - 4 сынып оқушылары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Турнирге қаланың 11 мектебінен 75 оқушы қатысты: № 28, 19, 40, 7, 5, 38, № 36 ЖОМ, № 16 лицей-мектебі, Кенжекол ЖОМ, Жетекші ЖОМ және орталықтың балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері.

Турнир кезеңдері әр түрлі болды. Викторина сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылар Павлодар қаласы мен Павлодар облысының тарихы туралы жақсы білімдерін көрсетті. «Қу сұрақтар» турынан өтіп, табиғат пен табиғат құбылыстарын білуде жақсы нәтижелер көрсетті. «Названы в честь» турының тапсырмаларын орындай отырып, жас өлкетанушылар біздің облыстың атақты адамдары туралы сұрақтарға жауап берді. Әр команда өзінің «Визит карточкасын» ұсынды.

Барлық турлардың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: мемлекеттік тілде: I орын - № 19 ЖОМ, Жетекші ЖОМ командалары, II орын - № 7, 40 ЖОМ командалары, III орын - № 28 ЖОМ, Кенжекол ЖОМ,  орталықтың командалары. Орыс тілінде: I орын - № 36, 5 ЖОМ командалары. II орын - орталықтың, № 40, 38 ЖОМ командалары, III орын - № 16 лицей-мектебі, № 28 ЖОМ, Жетекші ЖОМ командалары.