2021 жылғы 1 сәуірде «Кәсіптер әлемін ашамыз» форумының республикалық кезеңіне Павлодар қаласының № 27 (2), 39 жалпы білім беретін мектептердің 8 - 9 сыныптарының 3 оқушысы, форумның облыстық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері онлайн режимде қатысты.
Форумның республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша павлодарлық қатысушылар 2 жүлделі орынға ие болды. «Мамандықты таңдау уақыты» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен № 27 ЖОМ 9 сынып оқушылары «2020 жылдың - мұғалімдері» бейнеролигі үшін Қабышкенов Даниял және «2020 жылдың - батырлары» бейнеролигі үшін Эркулова Сабина марапатталды. Олар өз жұмыстарын мұғалімдер мен өрт сөндірушілерден сұхбат алу негізінде орындады. Олар кәсіптердің кәсібилікті, жаңашылдықты, балаларға деген сүйіспеншілікті, өрт сөндірушілерден адамдардың өмірін құтқаруды талап ететінін және батырлық мамандық екенін көрсетті.
Қатысушылар сертификатпен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталады.