ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ халық ертегілерін оқимыз
06-04-2021 09:07
Қазақ халық ертегілерін оқимыз

Павлодар қаласының білім беру  бөлімі К. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде балалар мен жасөспірімдердің қазақ халық ертегілерін оқуға деген қызығушылығын қолдауға бағытталған «Ертегі оқып берейін» қалалық қашықтық интернет-байқауы өткізілді.

Танымалдықтың бұл түрі өскелең ұрпақ үшін отбасындағы, мектептегі халық шығармашылығының құндылықтарын сақтау, күнделікті өмірде, қоғамда адамгершілік-этикалық нормаларды түсіну және көрсету мақсатында маңызды фактор болып табылады.

Байқауға қаланың 22 жалпы білім беретін мектептерінен 100 қатысушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы Турусбекова Азалия «Аяз би» ертегісін оқығаны үшін, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Липихина Карина «Үш ай» ертегісін оқығаны үшін, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 4 сынып оқушылары Байдуйсен Дініслам «Кім күші» ертегісін оқығаны үшін, Науразбекова Мадина «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқығаны үшін, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Хамитова Амина «Ғылымның өнері» ертегісін оқығаны үшін.

II орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары Бақытжан Аружан (5 сынып), К. Мақпалеев атындағы Журавлев Кирилл (8 сынып), К. Бекхожин атындағы ЖОМ оқушылары Калемшарив Амина (4 сынып), Қайыржан Сұлтан (8 сынып), № 7 ЖОМ оқушылары Ермек Ерасыл (2 сынып), № 24 ЖОМ оқушылары Оспанова Ясмин (3 сынып) иеленді.

III орынды К. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің татар-башқұрт бөлімінің тәрбиеленушілері Абубакирова Диана, Хамитова Аян, Мардамшитова Әмина иеленді, № 7 ЖОМ Акмиева Эльнара (5 сынып), № 16 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары Белый Николай, Беспаева Диана, Гордиевских Милана, Рустемов Тимур, Репина Виктория, Айболат Рахманали, Нургалиева Камила, Татару Елизавета, Чадов Кирилл, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ Исабай Аяна (5 сынып).