kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2316581
Бір айда178873
Бір аптада33748
Кеше2815
Тәулік864
«Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының қалалық фестивалі туралы
06-04-2021 11:47

         2021 жылғы 30 наурыз бен 16 сәуір аралығында   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен  балабақшалардың тәрбиеленушілері арасында (4 - 5 жас аралығындағы орта топтар, аға және дайындық топтары - 4 - 7 жас) мектепке дейінгі балалар шығармашылығының жыл сайынғы "Рауан" фестивалін қашықтықтан өткізеді.

         Мақсаты - эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарды қолдау, көркемөнерпаздарды дамыту.

         Фестиваль      ережесі бойынша:

         Вокал, би, балалар оркестрі, көркем сөз бойынша өтінімдер мен бейнероликтер (ұзақтығы 3 минутқа дейін) 7 сәуірге дейін ұсынылады.

         Қазылар алқасы  мүшелерімен материалдар   8 - 14 сәуірде бағаланады.

         Байқау қорытындысы - 15 сәуір. Қорытындыларды шығару кезінде мазмұнның шарттарға сәйкестігі, жұмыстың орындалу сапасы ескеріледі.

         Конкурс нәтижелерін жариялау - 16 сәуір күні «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сайтында, Instagramда басылып шығады.

         Анықтама телефоны: 32- 23 - 43.

 

                                                              Павлодар қаласының білім беру бөлімі