ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
16-04-2021 15:05
Қала мектептері директорларының кеңесі

Қала мектептері директорларының қалалық кеңесі 2021 жылғы 16 сәуірде ZOOM платформасы арқылы өтті. Кеңесте «Алтын белгі» аттестаты мен Үздік аттестатқа үміткерлердің құжаттарының талаптарына сәйкестігі туралы», «Мектептердің патриоттық тәрбие мен әскери-патриоттық клубтарды, балалар-жасөспірімдер қозғалыстарын, оның ішінде «Жасұлан», «Жасқыран», «Адал ұрпақ» қалыптастыру жөніндегі жұмыс жағдайы, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілдіктері, волонтерлік отрядтар, дебат клубтары және басқалар туралы», «Балалар жарақаттануының, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың алдын алу және «2020 2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі» облыстық Жол картасын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты азайту және оларға жыныстық тиіспеушілік мәселелерін шешу жолдарын қарастырады. № 26, 33 жалпы білім беретін мектептерді дамыту бағдарламалары туралы есептер тыңдалды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы С.О. Айтқазина сынып журналын жүргізу талаптарын, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына, үздік аттестатқа үміткерлердің құжаттарын орындау жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударды.

Оқушыларды сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту, балалар ұйымдарының бағыттары бойынша жұмыс, мектептің өзін - өзі басқаруы, мектептердің қосымша білім беру ұйымдарымен, мүдделі құрылымдармен, ата-аналар қауымдастығымен зорлық-зомбылықтың, балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынастың, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік көріністердің алдын алу және ескерту, 2021 2022 оқу жылына контингент қалыптастыру мәселелері бойынша бірлескен қызмет жөнінде ұсынымдар берілді