ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының лауреаттары
20-04-2021 19:27
«Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының лауреаттары

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Рауан» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының қашықтықтан ХХІ қалалық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Фестиваль 2021 жылдың 30 наурыз - 19 сәуір аралығында өтті. Мақсаты-эстетикалық тәрбие беру,дарынды балаларды қолдау, балалардың көркем өнерпаздығын дамыту. № 1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 18,19, 20, 22, 23, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 35, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 48, 49, 50, 51, 57, 79, 82, 85, 86, 93, 96, 102, 112, 117, 120, 121, 122, «Smartkid» 49 балабақшадан 3 - 6 жас аралығындағы 454 тәрбиеленуші, қатысты.

   Фестивальге қатысушылар «Вокал», «Балалар оркестрі», «Хореография», «Көркем сөз» төрт жанр бойынша өнер көрсетті . Фестиваль қорытындысы бойынша 21 талантты қатысушы жеңімпаз атанды.Олардың барлығы 2021 жылдың мамыр айында «Бүлдіршін» фестивалінің облыстық кезеңіне қатысады.

    - Фестиваль жыл сайын мектеп жасына дейінгі балаларды жинайды және ең талантты балаларды анықтайды. Тіпті онлайн форматта байқау өткізу балаларға өздерінің үздік шығармашылық қабілеттерін көрсетуге кедергі келтірмеді. Оқырмандар дикциямен, интонациямен, семантикалық байланысты сақтай отырып, эмоционалды түстерді жеткізе отырып оқыды, мәнерлеп оқумен ерекшеленді. Бишілер жарқын және түрлі-түсті костюмдерде көптеген әдемі билерді көрсетті. Балалар тек ән айтып, би билеп қана қоймай, асатаяқ, шыңдауыл, ксилофон, домбырада ойнай алатыны қуантады, - дейді орталықтың әдіскері Ирина Сергеевна Кучуркина.

     Вокалдық жанрдағы лауреаттар балабақша тәрбиеленушілері «Қасиетті домбыра» (№ 9), «Көктем» (№ 10), «Дружные ладошки» (№ 31), «Ты мой друг» (№38), «Бипыл» (№ 44), «Послушная дочь» (№49), «Песенка друзей» (№ 96) әндерін орындады.

    Хореографиялық жанрда № 1 «Венок», «Кадриль» (№ 4), «Топни, ножка моя...» (№ 11), «Әуе экипажы» (№ 122) балабақшаның тәрбиеленушілері лауреат атанды.

   «Көркем сөз» жанрында балабақша тәрбиеленушілері «Папа шишка» (№ 2), «Сам» (№ 4), «Ғаламтор» (№ 23), «Соғыс қалай шаршады» (№ 49), «Тәуелсіз Қазақстан» (№ 93),  «Ит туралы» (№ 102), «Веснушки» (№ 117) өлеңдерін мәнерлеп оқығаны үшін жоғары ұпайға ие болды.

    Аспаптық жанрда (балалар оркестрі) № 51 балабақшаның «Кербез қыз», «Баллада» (№ 79), «Концерт» (№ 120) балалар ұжымы лауреат атанды.