ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің жас педагогтары мен тәлімгерлеріне құрмет көрсету
20-04-2021 19:33
Қала мектептерінің жас педагогтары мен тәлімгерлеріне құрмет көрсету

    Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымы 2021 жылғы 20 сәуірде офлайн және онлайн форматта ZOOM платформасында «Мектеп болашағы - жас мұғалім қолында» - «Будущее школы - в руках молодых педагогов»жас мамандар мен тәлімгерлердің I форумын өткізді. Мақсаты - шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ынталандыру, корпоративтік мәдениетті дамыту, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды қолдау және көтермелеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық байқаулардың, жарыстардың, олимпиадалардың жеңімпаздары қатарынан қаланың 42 мектебінен 120 жас педагогтер мен олардың тәлімгерлері қатысты.

    Форумда тәжірибелі және жас педагогтардың екі ұрпағынақұрмет көрсетілді. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы өз сөзінде: «Мұғалім - бұл ғылымдарды оқытатын адам ғана емес, сонымен қатар руханият пен адамгершілік принциптің тасымалдаушысы. Мұғалімдер ерекше азаматтық миссияны орындайды - жас ұрпақты тәрбиелеу. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлердің сабақтастығы мен жаңашылдығы әрбір педагогикалық ұжымның жетістігінің негізінде жатыр, мектептің болашағы жас педагогтардың қолында».

    Павлодар облысы Аналар кеңесінің төрайымы, «Нұр - ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, педагогикалық еңбек ардагері, тәжірибелі тәлімгер Максилова Бахыт Шаханқызы, қалалық педагогикалық қызметкерлер кәсіподағының төрайымы Сейітова Сабира Шакенқызы талантты педагогты қалыптастырудың кәсіби құпияларымен жас мамандармен және олардың тәлімгерлерімен бөлісті

    Жақсылықова  Жанара Жұмағұловна, № 16 лицей-мектептің бастауыш сыныптың шебер-мұғалімі, қалалық, облыстық «Жыл мұғалімі» байқауларының гран-при иегері, «Облыстың үздік педагогі», «Республиканың үздік педагогі» атақтары, «Әлем мұғалімі - 2020» номинациясы бойынша жеңімпаз, Есмакаева Гүлмира Болатқызы, № 21 мектептің география пәнінің зерттеуші-мұғалімі, республикалық педагогикалық шеберлік орталығының тренері, қалалық және облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы, қалалық гран-при иегері және «Үздік педагог» республикалық байқауының облыстық кезеңдерінің жеңімпазы, «Әлем мұғалімі - 2020» байқауының республиканың үздік мұғалімдерінің топ - 50 құрамына кірген жетістіктері туралы жас педагогтармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

      - Тәлімгерлер, шын мәнінде талантты педагогтар, олар үшін мамандық-қызмет емес, кәсіп. Өзімнің тәлімгерім Батпаева Тамара Кургаспаевнаны ризашылықпен еске аламын, ол өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Мен де өз оқушыларым үшін сүйікті тарих пәнінің мұғалімі және тәлімгер боламын деп ойлаймын, - деп атап өтті № 16 лицей-мектебінің тарих және құқық саласының жас педагог-сарапшысы, облыстық байқаудың жеңімпазы, республикалық «Дарынды балаларға  - талантты мұғалім - 2020» байқауының жүлдегері, қалалық «Жыл мұғалімі - 2021» байқауының гран-при иегері, облыстық байқаудың қатысушысы Серікбаев Әсет Бақытжанұлы.

      Аубакирова Гүлназ Серікқызы, № 2 мектептің ағылшын тілі мұғалімі, Илялова Тансұлу Серікқызы, № 29 мектептің информатика мұғалімі, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өздерінің тәлімгерлеріне алғашқы жұмыс жылында кәсіби қалыптасуына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.

   Форумда үздік жас педагогтар қол жеткізген жетістіктері үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің грамотасымен және арнайы естелік мүсінімен Касанова Камиля Базарбайқызы, № 34 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Малышева Камилла Майданқызы, № 21 мектептің география мұғалімі, Аубакирова Гүлназ Серікқызы, № 2 мектептің ағылшын тілі мұғалімі, Құсайнов Данияр Юрьевич, № 23 мектептің тарих мұғалімі, Илялова Тансұлу Серікқызы, №29 мектептің информатика мұғалімі, Бейскенова Дария Асқарқызы, №16 лицей-мектебінің көркем еңбек мұғалімі, Иманбекова Жанар Дәулетбекқызы, №25 мектептің ағылшын тілі мұғалімі, Қайдарова Әмина Болатқызы, №43 мектептің бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.

    Үздік тәлімгерлер Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының грамотасымен және арнайы естелік мүсінімен Жақсылықова Жанар Жұмағұлқызы, №16 лицей-мектептің бастауыш сыныптың шебер-мұғалімі, Есмакаева Гүлмира Болатқызы, № 21 мектептің география және тарих пәнінің зерттеуші-мұғалімі, Абуова Айгүл Билялқызы, №2 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің зерттеуші-мұғалімі, Склокина Лариса Ивановна, № 34 мектептің бастауыш сынып зерттеуші-мұғалімі, Даулетханова Әсем Арыстамбекқызы, № 23 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің зерттеуші-мұғалімі, Скляренко Анна Викторовна, №29 мектептің информатика пәнінің зерттеуші-мұғалімі, Бейсекеева Ильмира Ақылбекқызы, №25 мектептің ағылшын тілінің зерттеуші-мұғалімі, Цыгулева Наталия Ивановна, № 40 мектептің бастауыш сыныптың зерттеуші-мұғалімдері