ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сабақты жоспарлауда 4К моделін тиімді қолдану
22-04-2021 10:57
Сабақты жоспарлауда 4К моделін тиімді қолдану

   Жас мамандардың кәсіби қалыптасуы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалымен бірлесіп 2021 жылғы 21 сәуірде ZOOM платформасы арқылы «Сабақты жоспарлауда 4К моделін тиімді қолдану» вебинарын өткізді. Мақсаты - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, мақсат қою дағдыларын, рефлексивті дағдыларды жетілдіру, оқытуда 4К моделін тиімді қолдану дағдыларын дамыту. Тренингке бірінші жылы жұмыс істейтін қазақ және орыс тілдерінде оқитын 113 жас маман қатысты.

   Модераторлар: Нұрахметова Шолпан Саменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетіеің әдіскері, «ПроЛС» клубының жетекшісі, Нығметова Бибігүл Жамбылқызы, жаттықтырушы, Әлмағамбетов Қайыржан Сағынтайұлы, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері.

   Вебинар жұмысы интерактивті форматта - бірлескен талқылаулар негізінде өтті. Қатысушылар 4К моделінің мәнін анықтауды, модель аспектілерін ажыратуды, модель шеңберінде тапсырмаларды әзірлеуді, сабақты жоспарлау кезінде модельді енгізудің тиімділігін бағалауды үйренді. Әріптестердің сессия залдарындағы ынтымақтастығы бірлескен оқу ортасын құруға ықпал етті. Қатысушыларға 4К моделі негізінде сабақтың тиімді жоспарын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

   Жас мамандар бүгінгі таңда түрлі білімді біріктірмей, өз біліміңді табысты ұйымдастыру мүмкін еместігіне көз жеткізіп, өзінің әдістемелік жүгін оқытудың жаңа құралдарымен толықтырды. Тренинг материалдары электронды-әдістемелік дайджестке орналастырылды және тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды.