ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық мектеп вокалистерінің конкурсы
23-04-2021 15:31
Музыкалық мектеп вокалистерінің конкурсы

   Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде 2021 жылғы 21 - 22 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алтын Бұлақ» қашықтық конкурсы өтті. Мақсаты - оқушылардың шығармашылығын дамыту және қолдау, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбиелеу. Конкурсқа 15 оқушы мен жеке және ансамбльмен ән айту бөлімшесінің 1 вокал ансамблі «До-ми-солька» қатысты.

   Қатысушылардың орындауында сөзі мен музыкасын жазған Алтыншаш Қалқамованың «Егемен ел Қазақстан», сөзі мен музыкасын жазған Асқар Жүнісбековтың «Жаса Қазақстан», сөзі мен музыкасын жазған Ренат Гайсиннің «Туған елім, туған жерім», сөзі мен музыкасын жазған Ақерке Маханбетованың «Қазақстан», сөзі мен музыкасын жазған Павел Ермишевтің «Цвети земля» патриоттық әндері шырқалды. Конкурс нәтижелері бойынша 16 қатысушы жүлделі орындарды иеленді, оның ішінде I орын - 5 оқушы, II орын - 4 оқушы мен 1-сынып ансамблі, III орын - 6 оқушы. Бәрі мектептің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

   Үлкен жастық топта I-орынды Диппель Милена, Рауш Арианна иеленді. Ортаңғы жастық топта I-орынды Токатова Веста иеленді. Кіші жастық топта I-орынға Шишкина Карина, Кымбатов Тимур ие болды. Олар 2020 жылғы халықаралық конкурстардың лауреаттары мен жеңімпаздары болып табылады. Арианна, 16 жаста, «Премия нового формата» халықаралық фестиваль-конкурсының, «DREAMFEST» халықаралық вокал конкурсының лауреаты. Веста, 13 жаста, Анна Петряшевонаның сыйлығы «Свободная птица» халықаралық вокал конкурсының лауреаты. Карина, 9 жаста, «Adagio» халықаралық фестиваль-конкурсының,  «IQ Star» республикалық конкурсының лауреаты. Тимур, 10 жаста, DIONIS «Новогодний переполох» VI халықаралық фестивалінің лауреаты.

 Макышбаева Гульнафис Тулеубековна, Миронец Ксения Владимировна, Кабурнеева Наталья Георгиевна, Процкая Наталья Викторовна, Макышбаева Гульнафис Тулеубековна жеңімпаздардың ұстаздары болып табылады.