ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Каратэ-до WKF бойынша ашық турнирінің қола медалистері
27-04-2021 09:48
Каратэ-до WKF бойынша ашық турнирінің қола медалистері

    Каратэ-до WKF-тен «KaragandaOpen» ашық турниріне Қазақстанның 6 - 18 және одан жоғары жастағы 500-ден астам спортшыдан құралған 30 команда, соның ішінде Павлодар қаласы Білім беру бөлімі «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының 16 тәрбиеленушілерінен құралған облыстық командасы қатысты. Турнир 2021 жылғы 24 - 25 сәуір аралығында Қарағанды қаласында Қазақстанның спорт шебері, ұлттық спорттың аңызы, еңбек сіңірген жаттықтырушы, каратэ-до бойынша жетінші дан Г. С. Лутошкинді еске алу бойынша өтті.

  Турнир қорытындысы бойынша «Жігер» клубының 3 қатысушы - Беневская Анжелика, Мусагалиева Аяна, Жакипов Дамир қола медаль жеңіп алды.

  Анжелика № 4 мектептің 3-сынып оқушысы, «Жігер» клубының «Балшуақ» бөліміне 5 жылдан бері қатысады, 6 кью, жасыл белбеу иегері. Ол «Almaty Open 2020» ашық турнирінде І орын, Қарағанды қаласында өткен «Бапкерлерді еске алу» турнирінде III орын, Семей қаласындағы аумақтық турнирде I орын (2019 жыл), «Нұр-Сұлтан - Open 2019» - ІІІ орын, Каратэ-до бойынша Павлодар қаласының ашық онлайн чемпионатында - І орынға (2020, 2021 жылы) ие болды. Бапкері - Владислав Николаевич Никитин, дәстүрлі каратэ-до және облыстың кобудо федерациясының президенті, II дан, қара белбеу иегері.

   Аяна Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 орта мектептің 7-сынып оқушысы, «Жігер» клубының «Бірлік» және «Балшуақ» бөлімшелерінің спорт бөліміне 6 жылдан бері қатысады, 5 кью, көк белбеу иегері. Ол Семей қаласында өткен (2019 жыл) «Алматы - Open 2020» ашық каратэ турнирінде ІІІ орын, Павлодар қаласында өткен каратэ-до ашық онлайн біріншілігінде І орын (2020, 2021 жылы) иегері. Жаттықтырушылары - дәстүрлі каратэ-до және облыстың Кобудо федерациясының президенті, II дан, қара белбеу иегері Никитин Владислав Николаевич және «Жігер» клубының оқытушысы, I дан, қара белбеу иегері Галенза Сергей Владимирович.

   Дамир №19 Орта мектептің 5-сынып оқушысы, «Жігер» клубының «Сауран» бөлімшесінің спорт бөліміне 5 жылдан бері қатысады. Ол Павлодардағы WKF ашық республикалық турнирінің қола жүлдегері (2018 жыл), кумитэ мен катадан WKF каратэ бойынша Семейдегі аймақаралық турнирінің чемпионы (2019), Қарағанды қаласында өткен WKF каратэдан ашық республикалық турнирдің қола жүлдегері (2020 жыл). Бос уақытында ол бокспен айналысады, тіл үйренеді, сурет салғанды ұнатады. Жаттықтырушысы - «Жігер» клубының оқытушысы, спорт шеберлігіне үміткер, I дан, қара белбеу иегері Олег Константинович Минин.