ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас суретшілердің Қостанайдағы жетістігі
05-05-2021 11:41
Павлодарлық жас суретшілердің Қостанайдағы жетістігі

2021 жылдың 26 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің жерім - менің елім» атты жас суретшілердің облыстық байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінен 30 оқушысы қатысты. Байқау 7 - 10 жас, 11 - 14 жас, 15 - 17 жас аралығындағы балалар арасында өтті. Байқауға Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген балалардың 200-ден астам байқау жұмыстары ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар мектебінің 3 оқушысы жеңімпаз атанды, оның ішінде екі гран-при және бір - I орын алды.

7 - 10 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Балалық шақ әлемі» номинациясында гуашь техникасында орындалған «Менің балалық шағымның ойыншықтары» жұмысы үшін Регина Даниленко, 10 жаста, гран-при иеленді (оқытушысы Лариса Борисовна Илларионова).

11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Мен білетін Қазақстан» номинациясында акварель техникасында орындалған «Дастархан басында» жұмысы үшін Александра Шароварова, 13 жаста, гран-при алды (оқытушысы Наталья Владимировна Решетова).

11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында «Туған өлкенің табиғаты» номинациясында I орынды акварель техникасында орындалған «Шуақты күн» жұмысы үшін Карина Ауганбаева, 12 жаста, жеңіп алды (оқытушысы Анжелика Николаевна Бамбуляк).

- Біз, байқаудың екі номинациясы бойынша басты марапаттарды біздің мектептің оқушылары алғанына қуаныштымыз. Әрине, бұл олардың дарындылығы, тақырыптың мағынасын ерекше, терең жеткізе білу дағдылары мен білімідері, идеяны жүзеге асыруда шығармашылық тұрғыдан қараулары, - дейді мектеп басшысының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.