ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпсайыстан облыстық чемпионатта 28 жүлделі орны
05-05-2021 11:53
Туристік көпсайыстан облыстық чемпионатта 28 жүлделі орны

2021 жылғы 23 - 25 сәуірде Екібастұз қаласында өткен туристік көпсайыс бойынша ашық облыстық чемпионатқа бес жас санаты бойынша (9 - 17 және одан жоғары жас) 60-тан астам қатысушы, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «Искра» туристік клубының 16 тәрбиеленушісі қатысты. Жарыс «Жеке», «Байламдар» атты екі қашықтық бойынша өтті.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 28 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 16, II орын - 8, III орын - 4.

А класында II орынды (9 - 10 жас) «Жеке», «Байламдар» бағыттарында Молодых Руслан, III орынды - Крапчатов Матвей иеленді.

А класында I орынды (11 - 12 жас) «Жеке», «Байламдар» бағыттарында Логвиненко Всеволод, Воробьева Екатерина иеленді.

Б класында I орынды «Жеке», «Байламдар» бағыттарында Иманғазина Әсем, II орынды «Жеке» бағытта Сукайлов Давид иеленді.

А класында I орынды (13 - 14 жас) «Жеке», «Байламдар» бағыттарында Кривошеева Милана, I орынды «Байламдар» бағытында, II орын «Жеке» бағытында - Артамонова Элина, III орынды «Жеке», «Байламдар» бағыттарында - Панфилов София иеленді.

Б класында I орынды «Жеке» бағытында, III орынды «Байлам» бағытында - Франк Светлана иеленді.

А сыныбында І орынды (15 - 16 жас) «Жеке», «Байламдар» бағыттарында Каиркулов Ансат, Баглаева Алена, I орынды «Байламдар» бағытында Легедза Алексей, Баглаева Ирина алды.

Жетекшісі Қазақстанның балалар-жасөспірімдер туризмінің нұсқаушысы, туристік клубтың педагогі Кенжин Рустам Айтанұлы.