ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Волейболдан ұлттық мектеп лигасының жүлдегерлері
05-05-2021 12:32
Волейболдан ұлттық мектеп лигасының жүлдегерлері

Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы ЖОМ қыздар құрама командасы волейболдан 5 - 6 сыныптар арасында ұлттық мектеп лигасының «Шұбар доп» жарысында ІІ орын алды. Жарыс 2021 жылдың 14 - 20 сәуір аралығында Талдықорған қаласында өтті. Республикадан 12 команда қатысты. Мектеп командасы облыс үшін өнер көрсетті.

Команда құрамында 5 - 6 сынып оқушылары Кенжекеева Адия, Қуандықова Диана, Жексенова Жанель, Жексенова Аиза, Жармағамбетова Танаис, Бекболатова Дарина, Дінмұханбетова Дильназ, Касенова Камила болды. Тренер Рахманғұлов Арман Талғатұлы, мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Мектептегі қыздардың волейбол командасы 2017 жылдан бастап құрылған, құрамында 3 - 11 сыныптардың 40 оқушысы бар. Осы кезеңде олар облыстық жарыстарда Баянауылда 6 - 7 сынып оқушылары арасында өткен ұлттық волейбол лигасында II орын, «Jastarfest» чемпионатында (2019 жыл), 49-шы оқушылар спартакиадасында III орын, Ақсу қаласында қалалық ашық турнирде I орын (2020 жыл), Талдықорғанда Ұлттық Республикалық мектеп лигасының чемпионатында II орын (2021 жыл) алды.

Мектепте оқушылар волейболмен ерте жастан айналысады және волейбол мектебі облыстағы жетекші мектептердің бірі болып саналады.