ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің білгірлері
06-05-2021 12:22
Туған өлкенің білгірлері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 17 сәуір - 4 мамыр аралығында Баянауыл ауданының құрылғанына 195 жыл толуына арналған «Менің кіші Отаным» қашықтықтан  қалалық конкурс өткізілді. Мақсаты - өлкенің тарихын, білімін білу. Байқауға № 2, 5, 7, 14, 17, 18, 19, 29, 32, 34, 41, М. Әлімбаев, Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептердің 7 - 10 сыныптарынан 63 оқушы құрамында 13 команда қатысты.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», «Баянауылдың тарихи және археологиялық орындары», «Баянауыл - таланттардың бесігі» бағыттары бойынша «Баянауыл - барлық қазақстандықтар үшін қасиетті жер» жобасының тұсаукесерін және «Баянауылға Арнау» үгітбригадасының визит карточкасын өткізуі тиіс. Байқау шарттары бойынша мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі, шығармашылық тәсіл, мазмұндылығы, сюжеттердің бірегейлігі, жобаның қажеттілігі ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 14 мектептің «Отан» командасы иеленді. «Баянауыл - таланттардың бесігі» атты өз жобасында қатысушылар Баянауыл жерінің танымал тұлғалары - ұлы ақындар, өз саласын   алғашқы ашушылар деп айтуға болатын  қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Бұқар Жырау, Жаяу Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы білімдерін көрсетті. Баянауылдың киелі жерлері, мәдени және табиғи мұралары туралы айтылды.

II орынды «Баянауыл - барлық қазақстандықтар үшін қасиетті жер» жобасы үшін № 17 мектептің «Рухани жаңғыру» командасы, «Баянауыл - мемлекеттік ұлттық табиғи парк» жобасы үшін № 41 ЖОМ «Тенгри»  командасы иеленді.

III орынды «Баянауыл - мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» жобасы үшін № 2 ЖОМ «Экология және адам» командасы, «Баянауыл - мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» жобасы үшін № 18 ЖОМ «Туған өлке білгірлері» командасы, «Баянауыл -мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» жобасы үшін № 19 ЖОМ «Тинейджеры»  командасы иеленді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болады.