ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге қатысты
06-05-2021 12:34
Қала оқушылары Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге қатысты

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың білім беру ұйымдарының 40 мыңнан астам оқушылары мен балаларының қатысуымен сынып сағаттары, байқаулар, акциялар, челендждер, спорттық жарыстар, көрмелер, мерекелік концерттер, оқулар өткізіледі.

        Жалпы білім беретін мектептерде 20 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Ұлы жылдарға тағзым етейік» сынып сағаттары, 25 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Б.Момышұлы нақыл сөздерін ретінде оқу» челленджі өтеді.

          30 сәуір мен 9 мамыр аралығында мектеп оқушылары «Жеңіс мұрагерлері» патриоттық акциясына қатысады.

         1-8 мамыр – «Қайырлы таң, ардагер!» - тыл еңбеккерлерінің, еңбек ардагерлерінің отбасыларына бару (көмек көрсету, құттықтау ашық хаттарын табыстау).

Мектеп оқушылары «Туға теңелу» облыстық байқауына қатысады. Барлық қала мектептерінде ауған жауынгерлерінің, еңбек ардагерлерінің, танымал адамдардың қатысуымен ерлік сабақтары өткізіледі.

30 сәуір мен 7 мамыр аралығында «Екі жұлдыз» байқауы өткізіледі, онда «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері мен педагогтарының орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады.

4-7 мамырда «Әскери даңқ мұражайы» виртуалды көрмесі өтеді.

5 мамырдан бастап «Жеңіс көктемі» челленджі басталды, онда оқушылар қазақстандық авторлардың-жерлестердің Ұлы Жеңіске арналған өлеңдерін оқиды.

6 мамырда «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы соғыс жылдарындағы әндерді орындауға «Жеңіс музыкасы» челленджін өткізеді. Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары «Отан үшін от кешкендер» әскери әндер фестиваліне қатысады.

20 сәуір мен 9 мамыр аралығында балалар техникалық мектебі «Естелік беттерінен. Альбомдағы оқиға» челленджді іске қосты.

8 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған жас ақындардың «Жыр жауһары – жастар» байқауы өтеді.

       8 мамырда «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Барлық Даңқ – Отанға» челленджін, «Халықтың ерлігі ұмытылмайды» виртуалды экскурсиясын өткізеді.

    Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар шеңберінде спорттық іс-шаралар өткізіледі, онда балалар өздерінің командалық рухын, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау кезінде ұйымшылдығын көрсетеді. Бұл іс-шаралар балалардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге ықпал етеді. Балабақша тәрбиеленушілері арасындағы ауқымды іс-шаралардың бірі челендж болып табылады, онда балалар бейнероликтерде өздерінің арғы аталарының ерліктері туралы әңгімелейді, өлеңдерді жатқа оқиды.

        Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты барлық іс-шаралар қашықтықтан жоспарланған.