ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының облыстық байқауының қорытындысы
11-05-2021 09:44
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының облыстық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік мерекесі - Мәңгілік ел берекесі» атты шығармашылық жұмыстардың облыстық байқауы 2021 жылдың 19 - 29 сәуірінде өтті және оны облыстың білім беру басқармасы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты - тұлғаның адамгершілік-рухани және этикалық қағидаттарын, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін моральдық қасиеттері мен қағидаттарын қалыптастыру. Байқауға 4 жанр бойынша 360 жұмысұсынылды: эссе, әңгіме, проза жәнеөлең.

Байқау қорытындысы бойынша облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 28 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары - 5 орынға ие болды.

«Әңгіме» жанрындағы (қазақ тілінде) бас жүлдені «Менің тәуелсіз Қазақстаным» жұмысы үшін № 6 ЖОМ 10 сыныпоқушысы Данкин Аймұрат иеленді.

III орын «Проза» жанрында (қазақ тілінде) «Менің Отаным - менің тағдырым» жұмысы үшін № 7 ЖОМ 10 сынып оқушысы Ещанова Аружан иеленді.

ІІІ орынды «Өлеңі» жанрында (қазақ тілінде) «Отаным - менің тағдырым» жұмысы үшін № 19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Тулюбаева Камила иеленді.

I орын «Өлеңі» жанрында (орыс тілінде) «Менің Отаным - менің тағдырым» жұмысы үшін Сапаргалиев Чингиз, № 21 ЖОМ 8 сынып оқушысы, III орын «Менің Отаным - менің тағдырым» жұмысы үшін - № 20 лицей-мектептің  9 сынып оқушысы Борецкая Диана иеленді.

Барлық жеңімпаздар облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. «Тәуелсіздік мерекесі - Мәңгілік ел берекесі» шығармашылық жұмыстар байқауының екінші кезеңін жеңімпаздардың жұмыстарын иллюстрациялау түрінде өткізу жоспарлануда.