ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар - «Былғары доп» республикалық футбол жарысының қола жүлдегерлері
11-05-2021 10:04
Павлодарлық оқушылар - «Былғары доп» республикалық футбол жарысының қола жүлдегерлері

Павлодар қаласының № 21 ЖОМ жасөспірімдер футбол командасы ұлттық мектеп лигасының «Былғары доп» футбол жарысында облысты таныстырды. Команда үшінші орын алып, қола жүлдегер атанды. Команда құрамына 9 - 11 сынып оқушылары Тоқболат Мирас, Құспеков Астам, Виттих Егор, Оразғалиев Әмір, Мержоев Тимур, Смағұлов Руслан, Әбдікәрімов Кәрім, Миннемуллин Фархад, Мұқышев Аян, Баужанов Абылайхан, Балтабаев Ерасыл, Бейбіт Ержан, Олехнович Александр, Мейер Владимир кірді.

Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының» бас директоры Есентаев Тастанбек Құтжанұлы және Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық балалар-жасөспірімдер және әйелдер спорты департаментінің басшысы Жамантаев Ерлан Айтбайұлы марапаттады.

Қатысушылар арасында ерекше көзге түскен ойыншылар номинациялармен марапатталды. Біздің команданың ойыншысы Құспеков Астам «Үздік шабуылшы» болып атанды. Жүлдегер-команданы дайындағаны үшін мектеп жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қаржасов Бекболат Қасымұлы арнайы дипломмен марапатталды.