ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Баянауылдың жанданған петроглифтері» шығармашылық челленджі
11-05-2021 10:53
«Баянауылдың жанданған петроглифтері» шығармашылық челленджі

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі «Баянауылдың жанданған петроглифтері» - «Ожившиее петроглифы Баянаула» шығармашылық жұмыстарды құру бойынша қалалық челлендж өткізді. 2021 жылды4 26 - 30 сәуір аралығында өткен челленджге қаламыздың жалпы орта білім беру мектептерінің 10 оқу орнынан 70-тен астам қатысушысы ат салысты.

«Жанданған петроглифтер» жобасы аясында ежелгі адам суреттері желісімен шығармашылық жұмыстар жасау жөніндегі челленджі Баянауылдың тарихы мен географиясына, жартастағы ежелгі суреттеріне, олардың шығу тегі мен мәніне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. Челлендж шарты бойынша қатысушылар шығармашылық жұмыстарында Баянауылдан табылған ежелгі адамның суреттеріне өз көзқарастарын көрсетуге тиіс болды. Осылайша қолданыстағы петроглифтерді әртүрлі техникадағы, кез-келген аппликация немесе коллажда орындалған суреттер арқылы шығармашылық жағынан түсіндіру және дамыту қабілеттері мен өздерінің қиялдарын жеткізу және оларды инстаграмдағы әлеуметтік желілердің мектеп парақшасына орналастыру.

- Іс-шараның басты мақсаттарының бірі Баянауылдың тарихы мен географиясы туралы білімге, жартастағы ежелгі суреттерге, олардың шығу тегі мен мәніне қызығушылықты қалыптастыру, туған өлкеге, оның мәдениеті мен шығармашылығына деген сүйіспеншілікті, табиғатқа, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға баулу болып табылады, - деп атап өтті мектеп басшысының орынбасары Гүлнар Мергалимовна Мұхаметқалина.

Қатысушылар акварель, гуашь, аппликация, ермексаз және аралас техника сияқты түрлі техникаларда өз жұмыстарын орындап, осы тақырыпқа шығармашылық тұрғыдан өте мұқият жақындады. Сонымен, № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Милана Прохоренко, 12 жаста, өз жұмысын акварель техникасында орындады, № 29 ЖОМ 5 сынып оқушысы Настя Белоусова тастың әсерін алу үшін шпатлевканы қолданып, оған ежелгі адамның суретін салды, 20 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Әлия Сейтқазы «Чи» тоқымасы техникасында сурет салды. Қатысушылардың ең көп саны байқалған № 29 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары петроглифтерге үлкен қызығушылық танытты.  № 36, 2, 40, Кенжекөл ЖОМ, Мақпалеев атындағы мектеп оқушылары челленджге құлшыныспен қатысып, шығармашылық белсенділік танытты. № 9 мектеп-гимназияның жас суретшілері өз жұмыстарын ерекше орындады.