ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумы туралы
11-05-2021 18:07

Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 12-13 мамырда «Қазақ тілін оқыту сапасын қамтамасыз етудегі педагогикалық тәжірибенің инновациялық бағыттары мен әдістері» атты қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумын өткізеді.

Павлодар қаласының мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің 500-ден астам қазақ тілі мұғалімдері форум жұмысына оффлайн және онлайн-форматтарында қатысады.

Форумның мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Форумның нәтижесі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда желілік қоғамдастықтың мүмкіндіктерін пайдалану, пәнді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану жолдары, оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген танымдық қызығушылығын арттыру болады.

Диалог алаңына:

Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты  - Дінислам Болатханұлы;

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы, мұғалім-шебер Самал Оспанқызы Айтқазина;

Филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры -  Айман Файзуллақызы Зейнуллина;

филология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры - Бекен Сағындықұлы;

«Ана тілі» ЖШС орталығының басшысы, қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік құралдар мен электрондық қосымшалардың авторы - Кинжикова Шолпан Духтұрбайқызы;

Ламбриан Топузов - тележүргізуші, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йорк университетінің түлегі қатысады.

13 мамырда 5 секция аясында педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Айман Рақымжанқызы Ибраева және Бибігүл Жамбылқызы Нығметова, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Эртісхан Өміргүл, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің тренері, оқулық авторы Назипа Эксанқызы Тастемірова, Нұр-Сұлтан қаласы №66 лицей - мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміМарал Оралбекқызы Аниярова шеберлік сағаттарын  өткізеді.

Қалалық білім беру бөлімі