ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық мектеп лигасының «Шұбар доп» волейболдан күміс жүлдегерлері
12-05-2021 10:30
Ұлттық мектеп лигасының «Шұбар доп» волейболдан күміс жүлдегерлері

«Шұбар доп» волейболдан өткізілген жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 25 мектебінің қыздар командасы II орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласында 7 - 8 сынып оқушылары арасында ұлттық мектеп лигасы аясында өтті.

Команда құрамына Досова Диана, Саулебаева Гүлназ, Саулебаева Дильназ, Абенова Даяна, Жетмекова Аяжан, Тәжібек Мағжан, Айтжанова Аяна, Шәмшиден Айжан, Исенова Алина кірді. Жаттықтырушысы Омаров Саниял Манарбекұлы, мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Жарысқа қатысқан жас спортшылар арнайы номинациялар бойынша марапаттарға ие болды. Павлодар командасының құрамында Жетмекова Аяжан «Үздік тосқауыл ойыншы» номинациясын алды. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Есентаев Тастанбек Құтжанұлы және 4 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас ғылыми қызметкері Илья Александрович Ильин марапаттады.