ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектептегі бизнес-стартап» кәсіпкерлік жобалар байқауының қорытындысы
12-05-2021 14:47
«Мектептегі бизнес-стартап» кәсіпкерлік жобалар байқауының қорытындысы

«Белсенді қатысу» қағидатын іске асыру, қоғам өміріне саналы және бастамашыл кіру арқылы оқушылардың азаматтық тәрбиесі мен әлеуметтенуіне жәрдемдесу мақсатында 2021 жылғы 5 мамырда онлайн режимде облыс мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Мектептегі бизнес-стартап» кәсіпкерлік жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқау шарттарына сәйкес жобаларды қорғау «Табысты старт» номинациясы бойынша өткізілді - 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кез келген кезеңде табысты іске асыру тәжірибесі бар кәсіпкерлік жоба. «Жаңашыл идея» номинациясы бойынша - кәсіпкерлік жоба, онда қатысушылар өз аумағы немесе өңірі үшін халыққа қызмет көрсетудің жаңашыл тауары немесе жаңашыл тәсілін ұсынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Тапсырысқа торттар (тәтті өнімдер) дайындау» жобасы үшін І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының № 35 ЖОМ 10 сынып оқушысы Байканова Айым, 11 сынып оқушысы Қайрақан Аружан марапатталды.

Облыстың 16 оқушысы III дәрежелі дипломмен, оның ішінде Павлодар қаласының 14 оқушысы - «Жапырақтардан отын брикеттерін өндіру бойынша бизнес-жоспар» жобасы үшін - Никитина Вероника, Кузьменко Анжела, Дукач Ольга, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушылары, «Павлодар - DANCE» жобасы үшін - Ахметова Шолпан, Сурумбетова Камила, Төребиев Расул, Сұлдабаев Али, № 37 ЖОМ 10,11 сынып оқушылары, «Пайдалы жапырақтың түсуі» жобасы үшін - Краскова Арина, Сасова Анжелика, Шарипова Аделя, № 17 ЖОМ 11 сынып оқушылары, «Павлодардағы 3D қабырға сағаты» жобасы үшін - Хусаинов Әділ, № 9 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы, «Ұлттық құрт» жобасы үшін - Сембаева Аружан, Уразалимова Сана, Уалитова Диана, № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары марапатталды.