ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумы жұмысының басталуы
12-05-2021 18:53
Қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумы жұмысының басталуы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылғы 12 - 13 мамыр аралығында «Қазақ тілін оқыту сапасын қамтамасыз етудегі педагогикалық тәжірибенің инновациялық бағыттары мен әдістері» атты қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумы өткізілуде. Форумның мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Форумның бірінші күні қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 120-дан астам қазақ тілі мұғалімдері ZOOM платформасында оффлайн және онлайн форматтардағы диалог алаңына қатысты.

Пікірсайыс сессиясына облыстық білім беру басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Дінислам Болатханұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы, мұғалім-шебер Айтқазина Самал Оспанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің профессоры Зейнуллина Айман Файзоллақызы, филология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Бекен Сағындықұлы, «Ана тілі» орталығының жетекшісі, қазақ тілі бойынша әдістемелік құралдардың және электрондық қосымшалардың авторы, Кинжикова Шолпан Духтурбайқызы, тележүргізуші, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йорк университетінің түлегі Ламбриан Топузов қатысты.

13 мамырда форум өз жұмысын жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің 500-ге жуық қазақ тілі мұғалімдерін қамтитын 5 секция шеңберінде жалғастырылады.