ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар шығармашылығындағы тарихи тұлға
13-05-2021 10:13
Павлодарлық оқушылар шығармашылығындағы тарихи тұлға

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Ресей империясындағы қазақ халқының феодализмге және қысым көрген жағдайына қарсы идеялық күрескер ретінде әрекет еткен тарихи тұлға Исатай Таймановтың 230 жылдығына арналған бейнероликтер мен эсселердің қалалық онлайн конкурс  өткізілді. Мақсаты - Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын білу. Байқауға қаланың (№ 1, 2, 5, 6, 9, 11, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 27, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 37, 39, 41, 43, № 16, 20 лицей-мектебі, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші ЖОМ)  28 мектебінен 6 - 9 сыныптардан 37 оқушы қатысты.

Байқауда оқушылар Қазақстан тарихы бойынша 25 сұрақтан тестілеуден өтті және «Барлық кезең батырлары» номинациясына қатысты - бейнерепортаж және эссе жазды. «Барлық кезең батырлары» номинациясы бойынша I орынға - № 41 мектептің 1 қатысушысы,II орынға - 2 (№ 33, 35 ЖОМ), III орынға - 3 (№ 5, 21, 43 ЖОМ) ие болды.

I орынды № 41 ЖОМ 9 сынып оқушысы Айпергенова Камила иеленді. Ол өзінің бейнесінде Исатай Таймановтың өмірі мен ерліктері туралы ақпарат берді. Түрлі вербалды емес сөйлеу құралдарын пайдалана отырып, дикция, интонация мәнерлілігін сақтай отырып, оқу техникасының дағдыларын көрсете алды.

«Эссе» номинациясы бойынша I орынды № 16 мектеп-лицейінің 1 қатысушысы, II орынды - 4 (ЖОМ № 9, 18, 37, 19), III орын - 6 (№ 25, 29, 34 ЖОМ, Қ. Бекхожин атындағы, № 20 лицей-мектебі (2) иеленді.

I орынды № 16 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Никитин Искандер иеленді. «Біздің заманымыздың батырлары» атты эссесінде ол XIX және XXI ғасырлардағы батырлардың ерліктерін салыстырып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік халықтың бірлігі мен келісіміне байланысты екенін, ерліктер мен батырлықтардың орны біздің заманымызда да бар екенін көрсетті.