Павлодар облысы жоғары спорт шеберлігі мектебінің гимнасттары облыс қоржынына 5 медаль салды. Алматыда батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Облыс спортшылары 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.
Жеке есепте алтын медаль иегері № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Виктория Бутолина болды. Виктория гимнастикамен 3 жасынан айналысады, осы кезеңде ол халықаралық, республикалық деңгейдегі 61 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Батутта командалық секіруде I орынды 3 қатысушыдан тұратын команда иеленді, оның ішінде № 41 ЖОМ 11 сынып оқушысы Виктория Бутолина мен Марина Харламова. Марина гимнастикамен 12 жасынан айналысады, осы кезеңде ол халықаралық, республикалық деңгейдегі 7 алтын, 13 күміс, 5 қола медаль иегері болды.
2 қатысушыдан тұратын синхронды секіруден алтын медальді, соның ішінде Виктория Бутолина жеңіп алды.
Күміс медальді Марина Харламованың командасы жеңіп алды.